AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда зиянды газдардың экологияға әсерін төм...

Қазақстанда зиянды газдардың экологияға әсерін төмендету қадамдары айқындалуда

Әлеумет 15.06.2022, 14:00 971 Almaty-akshamy
Қазақстанда зиянды газдардың экологияға әсерін төмендету қадамдары айқындалуда
Cурет: Ашық дереккөз

Төмен көміртекті стратегияны даярлау бойынша жұмыс жүріп жатыр


Елордада жасыл технологиялар мен таза көмір технологияларын енгізуге қатысты дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Халықаралық жасыл технология және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы төрағасының міндетін атқарушы Жанар Игенова әлемдегі энергия тегерімінде көмірдің генерациясы рөліне жайында тоқталды. Сонымен қатар ол Қазақстанда жасыл технологиялар бағытында даму үшін негіз бар екенін, «жасыл» экономикаға ауысу үшін тиісті саясат жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бұл тұрғыда зиянды газдардың қоршаған ортаға әсерін төмендету үшін жоспарлы жұмыстар атқарылып жатыр. «Қазіргі кезде төмен көміртекті стратегияны даярлау бойынша жұмыс жүріп жатыр және ол жыл соңына дейін қабылдануы керек. Бұл өз кезегінде Қазақстанда парник газдарының таралуын қысқартудың әлеуетін айқындайды. Сонымен қатар, осы салада технологиялық шешімдер мен инвестициялардың мүмкіндіктері қамтылады», - деді Ж. Игенова.



Өз кезегінде Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры Андрей Кибарин көмірді пайдалануға қатысты экология мәселелерін шешу үшін жаңа технологияларды енгізу керек.



«Қазақстанда көмір қоры жеткілікті. Сондықтан бізде таза көмір технологияларын енгізу үшін уақытымыз бар. Бұл тұрғыда ғылыми зерттеулерге мән беру керек. Яғни көмірден газ бөлу, қайта түзілген химиялық заттарды, энергия қамтитын өнімдерді өндіру бойынша кең ауқымды зеттеулерге кіріскен маңызды», - деді Андрей Кибарин.



Кездесу барысында өкілетті органдардың және көмір өнеркәсібінің өкілдері елімізде «таза» көмір генерациясын енгізу мүмкіндігін талқылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #Зиянды газ #ауа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда әр екінші күні ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 11:23

2027 жылдан бастап Алматыда көлік пен нысандарға шығарындыларды азайтуға бағытталған жаңа талаптар енгізіледі

Бүгін 11:20

Алматыдағы зиянды шығарындылардың шамамен 60%-ы автокөліктен келеді

Бүгін 11:12

Қазақстан ерлер құрамасы су добынан Азия ойындарында қола медаль алды

Бүгін 10:48

Қазақстандық оқушы Еуропаның математика олимпиадасында абсолютті жеңімпаз атанды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика