AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы...

Қазақстанда жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды

Заң мен тəртіп 26.08.2026, 17:33 337
Қазақстанда жыл басынан бері 17 есірткі зертханасы жойылды
ҚР Ішкі істер министрлігі

Жасөспірімдерді есірткі ортасына тарту мәселесіне ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында есірткі қылмысына қарсы күрес және оның алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. Биылғы жылдың алғашқы жеті айында елімізде 4,5 мың есірткі құқық бұзушылығы тіркелді. Заңсыз есірткі айналымына қарсы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 17 синтетикалық есірткі өндіретін жасырын цехтың қызметі тоқтатылды.

Сонымен қатар 7 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесіліп, оларға қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды. 9 ұйымдастырушы мен 41 қатысушы ұсталды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл барысында заңсыз айналымнан 865 келі есірткі заты тәркіленді. Бұл – миллиондаған доза есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмегенін білдіреді.

Жасөспірімдерді есірткі ортасына тарту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Жыл басынан бері 55 кәмелетке толмаған ұсталды. Олардың 32-сі есірткі өткізумен байланысты әрекеттерге қатысы бар.

Есірткі қылмыстарының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыс та күшейтілді. Уәкілетті органдар 2 миллионнан астам жас пен жасөспірімді қамтыған 14 мыңнан астам іс-шара өткізді.

Ақпараттық кеңістіктегі түсіндіру жұмыстары да жалғасуда. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде есірткіге қарсы тақырыпта 24 мыңға жуық жарияланым жарық көрді.

Сонымен қатар есірткі бизнесінің қаржылық негізін жоюға бағытталған шаралар қабылдануда. 258 млн теңге көлеміндегі қаражатқа қатысты 10 мың банк картасы мен шот бұғатталды. Бұдан бөлек, есірткі саудасының көлеңкелі қаржы схемаларына қатысы бар 215 мың шетелдік карта-шоттың транзакцияларына шектеу қойылды.

Интернет кеңістігінде де заңсыз есірткі айналымына қарсы жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде 8,5 мыңға жуық есірткі тарататын сайт бұғатталды.

Мемлекеттің есірткіге қарсы саясаты қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың денсаулығын қорғауға және есірткінің таралуына жол бермеуге бағытталған. Бұл бағыттағы кешенді жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ІІМ #Есірткі заттары #есірткі бизнесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Досхан Жолжақсыновты мерейтойымен құттықтады

Кеше 16:41

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады

Кеше 16:31

Қырғызстан қант импортына алты айға тыйым салынады

Кеше 16:12

Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады?

Кеше 15:06

3,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Кеше 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);