AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге...

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге қосымша 111 млрд теңге бөлінеді

Әлеумет 06.04.2022, 06:04 1,044
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге қосымша 111 млрд теңге бөлінеді
Сурет: News.mail.ru

Халықты әлеуметтік қамсыздандыруға 4 трлн теңге қарастырылған.


Зейнетақы мен жәрдемақыны инфляцияға сай индекстеу үшін қосымша 111 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутаттарының алдында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Халықты әлеуметтік қамсыздандыруға 4 трлн теңге қарастырылған. Ол былтырғымен салыстырғанда 230 млрд. теңгеге артық. Кеше ғана республикалық бюджеттік комиссия Үкіметпен бірге өте маңызды шешім қабылдады. Инфляция дәлізінің 8-10% деңгейінде өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін тағы 4 пайыз индекстеу көзделіп отыр. Соның жиынтығында барлық әлеуметтік төлемдер 2021 жылмен салыстырғанда 9 пайыз, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері 11 пайыз артады», - деді Ералы Тоғжанов.



Айтуынша, аталған әлеуметтік төлемдер Қазақстан бойынша 4,2 млн. адамды қамтиды.



«Бұл мақсатқа нақтыланған бюджет аясында қосымша 111 млрд. теңге қарастырылды», - деді Үкімет басшысының орынбасары. 



Еске салсақ, Мәжілістің жалпы отырысында атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған заң бірінші оқылымда мақұлданды. 


Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов Мәжіліс депутаттарына инфляцияны тежеу бағытындағы шаралар туралы мәлімет берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #Қазақстан #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тарихи жады және ядролық қарусыз әлем: Сенатор Б. Жексенбай Токиода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Бүгін 21:03

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Бүгін 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);