AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда визалардың жаңа түрлері енгізіледі

Қазақстанда визалардың жаңа түрлері енгізіледі

Әлеумет 07.09.2022, 04:34 1,538
Қазақстанда визалардың жаңа түрлері енгізіледі
Сурет: Visaglobal.com.ua

Мамандар визалардың түрі қандай болатынын жеткізді.


Мемлекет Үкіметі визалардың жаңа түрлерін енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралардың пакеті ұсынылды. Оларды іске асыру мақсатында Көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде республикада шетелдіктер үшін ерекше жағдайларды көздейтін бағалы дағдылар мен инвестициялық визалар үшін арнайы визалар енгізу көзделетін болады», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жаңа Тұжырымдама шеңберінде Қазақстан үшін тапшы және жиі тартылатын кәсіптер бойынша 100 үздік шетелдік маманды тартудың тетігі көзделетін болады. Бұл кәсіби мамандардың міндеті білім трансфері және өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтарды даярлау болады.


Олар үшін тұруға ықтиярхаты бар «Бағалы дағдыларға арналған виза» енгізіледі және қазақстандық кадрларды озық даярлау үшін үнемі жаңартылып отыратын бағалы дағдылар рейтингі (тапшы кәсіптер мен мамандықтар) қалыптастырылады.


Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында жаңа Тұжырымдама жобасында бизнес-иммиграция тәсілдері өзгертіледі.


ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстан экономикасына бір мезгілде 300 мың АҚШ долларын инвестициялаған шетелдік бизнесмендер үшін инвестициялық және іскерлік визалар алу шарттарын қайта қарау ұсынылады. «Инвестициялық виза» 10 жылдық тұруға рұқсат береді. Виза иесі бизнесті тіркеуге, мүлікке иелік етуге, қаржылық операцияларды жүргізуге мүмкіндік алады.


Бұл Қазақстанға жылына, әсіресе, креативті индустрияны дамыту саласында 100-ге дейін бизнесмен-инвестор тартуды неғұрлым нақты мақсатқа айналдырады.


Бұдан басқа білім беру иммиграциясын дамыту мақсатында Тұжырымдамада мыналар көзделетін болады:


- шетелдік жетекші білім беру мекемелерін академиялық ұтқырлық бағдарламасына тарту және қос дипломды білім беру практикасын одан әрі дамыту арқылы елдік білім беру инфрақұрылымын кеңейту;


- сұранысқа ие мамандықтар бойынша 100 үздік оқытушыны және сұранысқа ие технологиялар бойынша ғалымдарды тарту. Бұл ретте шетелдік ғалымдар мен оқытушылар үшін тұруға ықтиярхат, ал кейіннен Қазақстан азаматтығын алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді (10 жылға дейін) «Ғылыми-педагогикалық визалар» көзделетін болады.


Осы стратегиялық міндетті іске асыру еліміздің жоғары мектеп пен ғылымның беделін, азаматтарымыздың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін арттыруға және, сайып келгенде Республикамыздағы адами капиталының инновациялық дамуы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#виза #Қазақстан #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 25 жастағы алматылық өлі табылды

Бүгін 11:27

Үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы апат бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Бүгін 10:28

Күн ақырындап жылиды: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы қандай?

Бүгін 09:05

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Кеше 19:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);