Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда үздік педагогтерді тарту бағдарламасын...

Қазақстанда үздік педагогтерді тарту бағдарламасына құжат қабылданып жатыр

Әлеумет 29.06.2022, 06:38 1,220
Қазақстанда үздік педагогтерді тарту бағдарламасына құжат қабылданып жатыр
Сурет: Bilimdinews.kz

800-ден астам мұғалім өтініш бергені белгілі болды.


Елімізде кадр тапшылығы бар өңірлерге үздік мұғалімдерді тартуға арналған арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Алғашқы аптада 800-ден астам мұғалім өтініш берген. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдер тапшылығы немесе білім сапасы нашар өңірлерге үздік мұғалімдерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын»,- делінген Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мұндай мәселе Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында байқалады. Бұл өңірлерде математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері тапшы. Үздік педагогтерді тартуға арналған арнайы бағдарламада мұғалімдерді қолдауға бағытталған шаралар кешені бар.


Атап айтқанда, лауазымдық жалақының 250% мөлшерінде ынталандыру төлемдері, оның ішінде жалақыны көтеру, тұрғын үйді жалдау ақысын және коммуналдық төлемдер шығынын өтеу қарастырылған.



«Арнайы бағдарламаға қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 21 шілдеге дейін қабылданады. Алғашқы аптада педагогтерден 800-ден астам өтініш түсті. Қажетті құжаттар тізімі жергілікті атқарушы органдардың және НЗМ ақпараттық ресурстарында орналастырылған. Жалақыға қосылған үстемеақыға жалдамалы тұрғын үй мен коммуналдық төлемдерді өтеу кіреді. Сондай-ақ арнайы бағдарлама бойынша төрт облыстың біріне қоныс аударған педагогтің балаларына балабақша мен орта мектептерден орын беріледі. Сондай-ақ конкурстан өткен мұғалімдермен 5 жылға еңбек шарты жасалады», деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.



Байқауға қатысу үшін өтінішті облыстың білім басқармасына беруге болады. Конкурсқа тиiстi бейiндер бойынша жоғары педагогикалық, жоғары кәсiптiк бiлiмi бар, «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» бiлiктiлiк санаттары бар мұғалімдер, сондай-ақ оқу үлгерiмi жақсы жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының түлектерi қатыса алады.


Конкурс екі кезеңнен тұрады: компьютерлік тестілеу және эссе жазу, сонымен қатар әңгімелесу.


Тестілеу мен эссе жазу үміткердің таңдауы бойынша компьютер форматында қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде өтеді. Ол еліміздің 17 аймағындағы НЗМ базасында жүзеге асырылады. Негізгі пән бойынша тест 25 тапсырмадан тұрады, ал эссе көлемі 350 сөз.


Құжаттарды қабылдау туралы қосымша ақпаратты өңірлердегі Call-орталық мамандары мен Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің сайтынан алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #Қазақстан #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі