AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстанда үздік журналистерге құрмет көрсетілді

Қазақстанда үздік журналистерге құрмет көрсетілді

Мәдениет 28.06.2024, 17:33 767
Қазақстанда үздік журналистерге құрмет көрсетілді
Сурет: Gov.kz

Қазақстанда 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні деп белгіленген. Журналистерді кәсіби мерекеге орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Президент БАҚ қызметкерлерінің қоғамдық сананы жаңғыртып,  ұлт тұтастығын нығайтуда айрықша рөл атқаратынын сөз етті.  Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту және журналистердің құқығын қорғау мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Сіздер қай кезде де халыққа шынайы әрі жедел хабар таратып, кәсіби біліктіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Болашақта да елдік мәселелерді көтеріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сонымен қатар, аға буыны қалыптастырған ұлттық журналистиканың бай шежіресі мен ерекше қолтаңбасы бар екенін еске салды. Мемлекет басшысы бұл мұраны сақтау маңызды екенін атап өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Онда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Президенттің кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәли журналистерге ведомстволық және мемлекеттік наградалар табыс етті.

«БАҚ өкілдері - қоғам мен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан осы мемлекетте тұратын әрбір азамат сіздердің жұмыстарыңызды бағалайды, өйткені сіздер арқылы қоғамның көптеген өзекті мәселелері айтылады және бұл мемлекеттік органдардың жұмысын жандандырып, жетілдіруге ықпал етеді», - деп атап өтті Аида Балаева.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын журналистика ардагері Құдайберген Тұрсын алды. «Құрмет» орденімен «Еуразия» телеарнасының бас тілшісі Абай Балажан марапатталды. Светлана Пенькова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. ҚР Президентінің алғыс хаты «Informburo.kz» тілшісі Әйгерім Үмматқа және басқаларға табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#БАҚ қызметкерлері #мереке #Кәсіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі «Тазару күніне» арналған жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 16:36

Алматы метрополитенінің бекеттерінде концерттер мен фотокөрмелер өтіп жатыр

Бүгін 15:17

Ұлыстың Ұлы Күні Алматыда «Ар ма, Әз Наурыз!» атты дәстүрлі музыка концерті өтті

Бүгін 13:41

Президент үндеу жасады

Бүгін 12:42

«Жұлдызды Алматы»: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика