Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстанда Ұлттық спорт студент­тер лигасы құрыла...

Қазақстанда Ұлттық спорт студент­тер лигасы құрылады

Спорт 30.08.2024, 16:58 1,687
Қазақстанда Ұлттық спорт студент­тер лигасы құрылады
Ерлан ОМАР

Қазақстанда Ұлттық спорт студент­тер лигасы құрылады. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алдымен Исламбек Салжанов жастарды ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануына қолдау көрсеткен Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың еңбегін атап өтті. Сондай-ақ қауымдастық басшысы студенттер үшін арнайы лига құрылатынын жеткізді.

Тағы да ақжолтай жаңалы­ғымыз, ұлттық спортты студенттер арасында әйгілеу мақсатында жастардың ұсыны­сымен «Ұлттық спорт студент­тер лигасын» құру жоспарланып отыр. Бұл жоба бойынша Ғылым және жоғары білім министрімен кездесу өтіп, Туризм және спорт министрлігімен де келісім жүріп жатыр. Қазақстанда 100-ден аса университет бар. Ол жерде 500 мыңнан аса студент білім алып жатыр. Осы жоба аясында жас­тарымызды ұлттық спортқа тарту көзделіп отыр, - деді Исламбек Салжанов.

Сондай-ақ қауымдастық президенті бүгінде тоғызқұмалақ пен садақ ату бұқаралық сипатқа ие болғанын жеткізді.

«Садақ ату федерациясы құрылғанымен, клубтық деңгейде әркім өз күнін өзі көріп келген. 2022 жылы барлық клубтың басын біріктіріп, ел чемпионаты ұйымдастырылды. Сол іс-шараға 183 садақшы мерген қатысса, бүгінде садақ атумен кәсіби түрде шұғылданушылар қатары 5 мыңға жетті. Қазір садақ ату спортының дамуы, таралу көкжиегі қарқын алып келеді. Мысалы, Түркия садақшылар арасында Fetih Kupası (Жеңіс кубогі) халықаралық тур­нирін ұйымдастырады. 10 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан сайысқа әлемнен мыңға тарта мерген қатысады. Түрік стилімен өтетін додада садақшылар адырнасын кере жебесін алыстағы нысанаға атудан тартысқа түседі. Міне, осы айтулы додада астаналық садақшы Айкөркем Батихан чемпион атанды», - деді ол.

Исламбек Салжанов «Дәстүрлі садақ ату» респуб­ликалық федерация басшысы Айдос Мұқатаевтың жұмысына оң баға берді.

Жастарымыз алдыңғы буын ағаларына елік­­теп, солар шұғылданатын спорт­қа үйір келетінін көріп жүрміз. Садақ атуға жастары­мыздың қызығуына әлеуметтік желіні тиімді пайдаланатын Мем­лекеттік кеңесші Ерлан Қарин­нің садақ атумен айналысатыны белгілі бір дәрежеде өз септігін тигізді, - деді қауымдастық басшысы.

Ол тоғызқұмалақ ойыны да жоға­ры қарқынмен дамып жатқанын атап өтті.

«Бұл бағытта тәжірибесі мол, өз ісінің маманы, қоғам және мемлекет қайраткері Әли­хан Байменовтің еңбегін атап өткен жөн. Әлихан Мұха­медияұлы жүргізіп отыр­ған жүйелі жұмысының нәтиже­сінде бүгінде елімізде тоғызқұ­малақпен 200 мыңға жуық адам шұғылданса, 30 елде ресми өкілдіктері құрылған.

Әлемнің 50 мемлекетіне тоғыз­құмалақ таралып отыр. Ал жалпы бола­шақ­та ұлттық спортымыздың Олим­­пиада ойындарына ұсы­нуға сұранып тұрған спорт түрлері бар. Бұл – «Аударыс­пақ» пен «Жамбы ату». Бұл шаруаны көшпелілер ойындарын аман-есен өткізіп алған соң арнайы талқылаулар өткізуге құжаттарымызды әзірлеп жатырмыз. Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді Исламбек Салжанов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық спорт #студенттер лигасы #көкпар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18

12 мың бала неге Ұлттық қордан төленетін төлемдерді алмайды?

Бүгін 17:04

Сауд Арабиясы Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге мүдделі

Бүгін 16:44

Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Бүгін 16:27

Атырауда әйел полицейден қашқан ұлына көмектескен - видео

Бүгін 16:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика