Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Қазақстанда Түрікменстанның Мәдени күндері өтеді

Қазақстанда Түрікменстанның Мәдени күндері өтеді

Хабарлама 24.11.2021, 08:34 1,154
Қазақстанда Түрікменстанның Мәдени күндері өтеді
Сурет: Inform.kz

Қазақстанда Түрікменстанның Мәдени күндері өтеді


Бұл туралы еліміздегі Түрікменстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға мемлекеттік сапары барысында Мемлекеттер басшылары Қазақстанда Түрікменстанның Мәдени күндерін атап өту туралы келісті. Екі ел арасында ауқымды мәдени шараның өткізілмегеніне 3 жылдан асып барады. Ел Президенттерінің ресми кездесуінен кейін өзара байланыс қайта серпін алды. Бүгінде біз Түрікменстанның мәдени күндерін атап өту мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлескен жұмыс істеп жатырмыз», - деді Батыр Реджепов.



Елшінің айтуынша, аталған мәдени шараны өткізу келесі жылға жоспарланып отыр.



«Сондай-ақ, мәдени шаралардан бөлек, екіжақты сауда-экономикалық қатынаста бірізге қойылған. Олардың арасында ынтымақтастық туралы достық қатынастар туралы шарт бар. Одан бөлек, Түрікменстан республикасының Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың 2017 жылы Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары шеңберінде қол қойылған стратегиялық әріптестік туралы шарт өз күшінде», - дейді ол.



Бұған дейін түрікмен дипломаты аталған елдің бейтараптық саясатына қатысты түсінік беріп өтті. Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынас тақырыбында БАҚ-қа арналған баспасөз мәслихаты өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәдени күндер #елші #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Бүгін 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика