AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда тұрғын үй құрылысының шекті құнын белг...

Қазақстанда тұрғын үй құрылысының шекті құнын белгілеу жоспарланып отыр

Әлеумет 08.02.2022, 08:20 1,241
Қазақстанда тұрғын үй құрылысының шекті құнын белгілеу жоспарланып отыр
Сурет: Inform.kz

Құрылыс шығыны шектеулі болады.


Мұндай шешім бюджет қаражаты есебінен салынатын объектілерге қатысты болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv cілтеме жасап.


ИИДМ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында құрылыс саласын цифрландыру және автоматтандыру жұмысын жүргізіп жатыр.



«Қазіргі уақытта «Е-Құрылыс» ақпараттық жүйесі әзірленді. Ол қазаншұңқыр қазудан бастап пайдалануға бергенге дейінгі құрылыс процесін онлайн-режимде бақылауға мүмкіндік береді. Жүйеге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары қосылып, техникалық қадағалаушылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің барлық тізілімі жүктелген. Сондай-ақ техникалық қадағалаушылардың барлық есебі беріледі», - делінген хабарламада.



«Е-Құрылыс» жүйесі техникалық қадағалау сарапшыларын объектілер бойынша бақылап, олардың түрлі өңірде қызмет көрсетуіне жол бермейді. Сондай-ақ, жобадан ауытқып кетсе немесе жұмыс толық көлемде орындалмаса, оларды қабылдамайды.



«Құрылыс жобаларының сметалық құнын жасанды жолмен көтеру тәуекелдерін азайту үшін онлайн-режимдегі «Онлайн калькулятор» жүйесі әзірленді. Бұл өңірге және объектінің техникалық өлшемдеріне байланысты жобаның шекті мәнін автоматты түрде есептеп, белгілеуге мүмкіндік береді», - делінген министрлік таратқан хабарламада.



Сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік объектілер және тұрғын үйлер үшін шекті құнын белгілеу жоспарланып отыр. Яғни, құрылыс шығыны шектеулі болады.


Бұдан басқа, бүгінде министрлік аккредиттеу бойынша мемлекеттік қызметтердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойды. Олар толығымен автоматтандырылған және 20 минут ішінде нәтижесін компьютер береді.


Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарына лицензия беру кезінде енді тікелей байланыс болмайды. Техникалық қадағалау, тексеру және жобаларды сараптау бойынша мамандарды аттестаттаудың бірыңғай жүйесінде тестілеу функциясы енгізілді. Онда сынақтан өтетін адамды ауыстыруға жол берілмейді және тестілеу нәтижелеріне бөгде ешкім әсер ете алмайды. Үрдісті биыл толығымен автоматтандыру жоспарланған.


Қосымша рұқсат беру құжаттары бойынша мемлекеттік функцияларды міндетті түрде сақтандыра отырып, өзін-өзі реттеуге беру әзірленіп жатыр. Яғни, өз қызметін өздері реттейтін ұйымдар мамандарды аттестациялап, лицензиялар береді және олардың қызметі үшін жауапты болады.


ИИДМ құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою жұмыстарын басым бағытта жалғастыра береді.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс #Қазақстан #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);