конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда трамадол есірткі ретінде танылды

Қазақстанда трамадол есірткі ретінде танылды

Заң мен тəртіп 27.03.2023, 14:39 1,635
Қазақстанда трамадол есірткі ретінде танылды
Сурет: Baigenews.kz

27 есірткі мен прекурсор атауы мемлекеттік бақылауға алынады.


Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«20 наурызда Үкімет бірқатар заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін актіге қол қойды. Ол қосымша 27 есірткі мен прекурсор атауын мемлекеттік бақылауға алуды көздейді. Қазіргі уақытта бұл тізімде айналымын мемлекет бақылайтын мыңнан астам заттар бар. Қазір оған есірткі мен психотроптың тағы 15 атауы, сондай-ақ прекурсорлардың 12 атауы және оларды жасау үшін қолданылатын заттар енгізілген», - деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.



Оның атап өтуінше, «дәріханалық» нашақорлықпен күресу мақсатында психотроптық заттардың тізімі трамадолмен толықтырылады. Сондай-ақ психотроптық анальгетик те бар. Оны есірткіге тәуелділер эйфория әсерін алу үшін пайдаланады және тұтастай алғанда ол есірткіге тәуелділіктің қалыптасуына ықпал етеді.



«Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын трамадолдың салмағы 0,1 грамм болып белгіленді. Бұл шағын өлшем, ал 10 грамға дейін - үлкен өлшем, 10 грамнан асса аса үлкен өлшем саналады. Үкімет актісі қолданысқа енгізілген соң трамадол тек рецепт бойынша және есірткі құралдары және психотроптық заттар айналымына байланысты қызметке лицензиясы бар дәріханалық және емдеу-профилактикалық ұйымдарда ғана берілетін болады. Трамадолдың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қолданыстағы заңнамаға сәйкес басталады», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тарамадол #психотроптық зат #есірткі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);