AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда техникалық мақсаттағы қарасораны өсіру...

Қазақстанда техникалық мақсаттағы қарасораны өсіруге рұқсат берілмек

Әлеумет 17.04.2025, 16:39 836
Қазақстанда техникалық мақсаттағы қарасораны өсіруге рұқсат берілмек
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі техникалық қарасораны өнеркәсіптік көлемде өсіруге ресми түрде рұқсат берілетінін жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Министрдің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, бұл бастама есірткіге қатысы жоқ, керісінше өндірістік, медициналық, құрылыс және тоқыма салаларына қажет шикізат өндіруге бағытталған.

Қарасора — бұл өндірістік шикізат

Санжар Әділов нақтылап өтті:

  • «Бұл — есірткі емес, бұл — шикізат»

  • Өсірілетін техникалық коноплядағы ТГК мөлшері (есірткілік әсер етуші компонент) небәрі 0,1–0,3%

  • Жүйе қатаң бақылауда болады: егін себуден бастап, соңғы талшығына дейін

Лицензиялар беріліп жатыр

Қазіргі уақытта Қазақстанда 4 кәсіпорынға лицензия берілген, оның бірі — Қостанай облысында орналасқан, ТГК-сыз, толықтай қауіпсіз «нөлдік» қарасора өсіретін агрокешен. Бұл кәсіпорын мемлекеттік стандарттарға (ГОСТ) толық сәйкес жұмыс істейді.

Қарасора қайда қолданылады?

Өнеркәсіптік қарасора:

  • Тоқыма өндірісінде (арқан, мата, киім)

  • Құрылыс саласында (эко-блок, изоляция материалдары)

  • Медицинада (табиғи емдік компоненттер)

  • Қорғаныс өнеркәсібінде де пайдаланылады

Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттер қарасораны экологиялық және үнемді шикізат ретінде кеңінен қолдануда.

 мәлімдеді:

«Бұл өнімнің нашақорлыққа еш қатысы жоқ. Мұнда есірткілік әсер беретін заттар жоқ. Сондықтан бұл наркомандарға арналған тауар емес», -деді Санжар Әділов.

Қазақстанда техникалық конопляны заңдастыру — экономиканы әртараптандыру, экологиялық таза өндірісті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы қадам ретінде қарастырылып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарасора #Санжар Әділов #Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);