Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда тағы екі бағыттағы пойызда Starlink ин...

Қазақстанда тағы екі бағыттағы пойызда Starlink интернеті қосылады

Әлеумет 24.09.2025, 16:07 520
Қазақстанда тағы екі бағыттағы пойызда Starlink интернеті қосылады
Сурет: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өз пойыздарында цифрлық технологияларды дамытуды жалғастыруда.

Алдағы айларда №33/34 «Ақтөбе – Алматы» және №21/22 «Қызылорда – Семей» бағыттарындағы пойыздарда Starlink технологиясы арқылы интернет қолжетімді болады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Жаңа буындағы «Астана – Бурабай курорты» бағыты бойынша жүретін №888/887 Burabay Express электропойызында Starlink технологиясы іске қосылып, жолаушылар алғаш рет жол үстінде интернетке қосылу мүмкіндігіне ие болды. Бұл – жылдамдығы 250 Мбит/с-тан асатын жоғары жылдамдықты интернеті бар алғашқы жүрдек электропойыз.

Пилоттық жобаның алғашқы нәтижелері бұл қызметтің жоғары сұранысқа ие екенін көрсетті. Жолаушылар ойын-сауық контентін көру, мессенджерлер арқылы байланысу, сапар барысында қашықтан жұмыс істеу, сондай-ақ онлайн-табло, мультимедиялық жүйе және қолма-қол ақшасыз төлем қызметі сияқты қосымша сервистерді пайдалана алады.

Ұлттық тасымалдаушы үшін бұл жоба жолаушылар қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Пойызға орнатылған бейнекамералар жол бойы жағдайды бақылауға, ал GPS-трекерлер маршрутты нақты уақыт режимінде Ситуациялық орталықтан қадағалауға мүмкіндік береді.

«Жоба пойыздарға жоғары жылдамдықты интернет енгізуге маманданған SkyNomad компаниясымен әріптестіктің нәтижесінде жүзеге асырылды. Компания жолаушыларға тұрақты қосылуды қамтамасыз ететін кешенді веб-платформа әзірледі. Ал Starlink технологиясы дәстүрлі желілер қолжетімсіз ең шалғай аймақтарда да сенімді интернет байланысын ұсынады.

Биыл «Жолаушылар тасымалы» АҚ цифрландыру бағдарламасы аясында пойыздарды интернетпен қамту жұмысын жалғастырып, пилоттық режимде №67/68 «Астана – Өскемен» және №3/4 «Астана – Алматы» бағытындағы «Тальго» пойыздарында төмен орбиталы жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті іске қосты. Бүгінгі күнге дейін осы үш бағытта 100 мыңнан астам жолаушы интернет қызметін пайдаланды», - делінген хабарламада.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #пойыз #Starlink #интернет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика