Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстанда су ресурстарының тапшылығы болжанып от...

Қазақстанда су ресурстарының тапшылығы болжанып отыр

Өмір-өзен 02.06.2022, 06:34 1,648
Қазақстанда су ресурстарының тапшылығы болжанып отыр
Сурет: Zuratkul.ru

Өзендер ағыны азаяды.


2030 жылға қарай елімізде өзендер ағыны 99,4 текше метрге дейін азаяды. Мұндай болжамды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Бүгінде бүкіл әлем жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты сын-қатерлерге тап болып отыр. Қазақстанда су ресурстары трансшекаралық жағдайға тәуелді және ел аумағында су ресурстары біркелкі бөлінбеген. Сонымен қатар жаһандық жылыну мәселесі бар. Бұның бәрі алдымен су ресурстарының тапшылығына алып келеді. Өзен ағысының көп жылдық динамикасы көрсетіп отырғандай, жергілікті және трансшекаралық су ағынын азайту, жалпы су ресурстарының азаюына әкеліп отыр. Егер 2000 жылы өзеннің орташа көп жылдық ағымы 120 текше метрді құраса, қазір шамамен – 102 текше метр», - деді Серік Қожаниязов елордада өтіп жатқан «ECOJER» ІІ халықаралық экологиялық конгресте. 



 Оның айтуынша, су ресурстарының азаюы климаттық өзгерістер мен антропогендік факторларға байланысты. 



 «Соңғы жарты ғасырда температураның өсуіне байланысты мұздықтардың тозуы байқалады. Су ресурстарының азаюы және халық, экономика мен экологияның қажеттіліктері үшін суға деген сұраныстың өсуі жағдайында Қазақстанда 2030 жылға қарай оның тапшылығы 23 текше метрді құрауы мүмкін. Бұл көрсеткіш халықтың жыл сайынғы тұтынуымен салыстырылады», - дейді ол. 



Айта кетсек, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «ECOJER» ІІ халықаралық экологиялық конгресі өтіп жатыр. Аталған шараға сала мамандарымен қатар, құзырлы органдар өкілдері қатысуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #ресурс #Қазақстан #болжам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика