AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда цифрлық сот орындаушысы енгізілді

Қазақстанда цифрлық сот орындаушысы енгізілді

Әлеумет 13.02.2025, 12:55 1,208
Қазақстанда цифрлық сот орындаушысы енгізілді
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақстанда қарыздарды өндіріп алу бойынша автоматтандырылған жүйе – сот орындаушы роботы іске қосылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл жүйе жеке сот орындаушылардың (ЖСО) қызмет ақысын төлеуге кететін қосымша шығындардан құтылуға мүмкіндік береді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Әділет департаментінің басшысы Балаим Кесебаева мәлімдеді.

«2024 жылдың тамыз айында іске қосылған сәттен бастап 2,2 миллиард теңге сомасына 109 мың атқарушылық іс қозғалды. Жеке сот орындаушылардың қызмет ақысын төлеуден бас тартудың арқасында азаматтар 550 миллион теңге үнемдеді, ал жылдық үнемдеу 5 миллиард теңгеге дейін жетеді деп күтілуде», – деді Балаим Кесебаева.

Бұрын атқарушылық іс қозғалған кезде борышкерлер ЖСО қызметін қосымша төлеуге мәжбүр болатын, бұл қарыз сомасының 25%-ына дейін жететін. Енді бұл процесс толық автоматтандырылған: азаматтар 5 күн ішінде айыппұлдарсыз және сот орындаушыларына бармай-ақ қарызын өз еркімен өтей алады.

Робот автоматты түрде атқарушылық іс қозғайды және борышкерлерді SMS (1414) және EGov Mobile қосымшасындағы push-хабарламалар арқылы хабардар етеді. Егер қарыз өтелмесе, жүйе тек бір ғана банк шотына тыйым салады, ал бұрын ЖСО борышкердің барлық шоттарын бұғаттайтын.

Цифрлық сот орындаушысының негізгі артықшылықтарына ЖСО қызмет ақысын толық жою, борышкерлерге онлайн жүйелер арқылы автоматты хабарлама жіберу, қарызды онлайн төлеу арқылы шектеулерді лезде алу, сондай-ақ қарыз өндіріп алу процесінен адами факторды алып тастау жатады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот орындаушы #ЖСО #SMS
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

Бүгін 01:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Кеше 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Кеше 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Кеше 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Кеше 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);