AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші к...

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Мұны білген жөн Бүгін 17:53 41 Дина
Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электросамокат пен кикшеринг қызметіне қатысты жаңа ережелер күшіне енеді. Жаңа талаптарға сәйкес, самокатты тек 18 жастан асқан және жүргізуші куәлігі бар азаматтар ғана пайдалана алады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, шілдеден бастап электросамокат толыққанды көлік құралы ретінде танылады. Осыған байланысты кикшеринг компаниялары мен қолданушыларға қойылатын талаптар да күшеймек.

Жаңа заңға сәйкес, самокатты жалға беру кәмелетке толмағандарға, жүргізуші куәлігі жоқ азаматтарға және көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаларға тыйым салынады.

Сонымен қатар, барлық жалдамалы электросамокаттарға мемлекеттік нөмір орнатылады. Бұл құқықбұзушылықтарды тіркеп, құрылғыны сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Кикшеринг компаниялары:
– самокаттардың техникалық жағдайын бақылауға;
– пайдаланушының жеке басын және жүргізуші куәлігін тексеруге;
– міндетті сақтандыру рәсімдеуге;
– тұрақ орындарын реттеуге;
– жылдамдық пен қозғалысты цифрлық бақылау жүйесі арқылы қадағалауға міндеттеледі.

Жаңа өзгерістердің ең маңызды тұстарының бірі – тротуарда жүруге қатысты. Қазіргі ережеде самокатпен тротуарда сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етілсе, жаңа түзетулерде бұл норма алынып тасталмақ.

Егер өзгерістер қабылданса, электросамокаттар тек:
– веложолақпен;
– жол жиегімен;
– жолдың оң жақ шетімен қозғала алады.

Ал арнайы белгіленген ортақ қозғалыс аймақтарында ғана жаяу жүргіншілермен бірге жүруге рұқсат беріледі.

Сондай-ақ, самокатпен жолға қорғаныс құралдарынсыз шығу, сақтандырусыз жүру сияқты әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл өзгерістердің мақсаты – электросамокаттарды толық тыйым салу емес, жолдағы қауіпсіздікті күшейту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);