AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстанда саяси партияны тіркеу талаптары жеңілд...

Қазақстанда саяси партияны тіркеу талаптары жеңілдеді

Саясат 07.11.2022, 08:45 1,613
Қазақстанда саяси партияны тіркеу талаптары жеңілдеді
Сурет: 24.kz

Партияларды тіркеуге қойылатын талаптар өзгереді.


Қазақстанда саяси партия құрып, оны тіркеу процесі жеңілдеді. ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Саяси партияларды тіркеуге қойылатын талаптар өзгереді. Ендігі уақытта саяси партияны тіркеу үшін 20 мың емес, 5 мың мүше жеткілікті. Ал өңірлік өкілдіктерінің саны 600-ден 200 адамға дейін азайтылды. Сол сияқты саяси партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең азы 1 мыңнан 700 адамға дейін төмендетілді. Одан бөлек, партия құру жөніндегі құрылтай съезін өткізу мерзімін 2 айдан 3 айға дейін ұлғайту бойынша түзету көзделген»,- деді Алма Мұқанова ОКҚ-де өткен брифингте.



Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, жер және оның ресурстарын халық меншігіне белгілеуде Конституцияның 6-бабына нақтылайтын түзетулер енгізілді.



«Келесі заңнамалық өзгеріс бұл судьялық лауазымдарға конкурстық рәсімдерді онлайн-трансляциялауды енгізуге қатысты. Сол сияқты норма шығару процесін жеңілдетуге және нормаларды реттеу деңгейлерін нақтылауға, мәслихат төрағасы лауазымын енгізуге бағытталған жекелеген түзетулер қарастырылды», - дейді ол.
Бұған дейін ҚР Парламенті мен Үкіметінің өкілеттігіне қатысты заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілгенін хабарлаған едік.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия #Қазақстан #саясат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);