конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстанда саяси партия құру тәртібі жеңілдетіліп...

Қазақстанда саяси партия құру тәртібі жеңілдетіліп жатыр

Саясат 18.05.2022, 11:38 1,811
Қазақстанда саяси партия құру тәртібі жеңілдетіліп жатыр
Сурет: Vlast.kz

Партия құру тәртібі едәуір жеңілдетіліп жатыр.


Президенттің партиядан шығуы саяси бәсекелестікті арттырады, барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайлар жасайды. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



 «Қазір жобада Президент саяси партиядан шығады деп көрсетілген. Мемлекет басшысы конституциялық реформадан бұрын партиядан шықты. Бұл өз кезегінде саяси бәсекелестікті арттырады. Болашақта Саяси партиялар туралы заңға да өзгерістер енгізіледі. Саяси партия құру тәртібі едәуір жеңілдетіліп жатыр. Сондықтан саяси аренада жаңа саяси күштер пайда болып, өкілді органдарда жаңа депутаттар сайлануы ықтимал», - деді Бақыт Нұрмұханов Орталық коммуникациялар қызметінде.



Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Жолдауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде ресімдеуді ұсынды.


Биыл сәуір айында AMANAT партиясының төрағасы ретінде Президенттің өкілеттігі тоқтады.



«Мен бұған дейін партия төрағасы лауазымынан босап, ұйым қатарынан шығатынымды айттым. Осы ұйғарымды жүзеге асыратын кез келді. Бүгіннен бастап AMANAT партиясының төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым. Бұл қадамның символдық мәні бар. Осы орайда Президент сайлауында маған сенім артып, қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғысымды айтқым келеді. Сондай-ақ жауапты сәтте партия тізгінін сеніп тапсырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия #саясат #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай және жаңа Конституция: Астанада сарапшылар кездесуі өтті

Бүгін 09:02

Қазақстанның басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:45

Балқаш жағалауында құтқарушылар батпаққа батқан 15 адамды эвакуациялады

Кеше 18:57

Қазақстандық Нодира Ахмедова күміс жүлдегер атанды

Кеше 18:54

Еліміз ұлттық мұраның 10 элементін ИСЕСКО тізіміне енгізуге құжат әзірлеп жатыр

Кеше 18:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);