AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстанда қысқы туризм дамып келеді

Қазақстанда қысқы туризм дамып келеді

Өмір-өзен 07.11.2022, 05:21 1,669
Қазақстанда қысқы туризм дамып келеді
Сурет: 7kun.kz,

Отандық және сыртқы туризм саласы коронавирус пандемиясынан кейін қалпына келіп жатыр.


Сарапшылардың айтуынша, алдағы қыста былтырмен салыстырғанда демалуға баратындар саны әлдеқайда көп болмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. 


Бірі отандық курорттарды таңдаса, басқасы шетел асып, жылы аймақтарда тыныққанды жөн көреді. Шектеулер жойылып, Қазақстанға визасыз келетін елдер тізімі ұлғайды. Соның арқасында шетелдік туристер ағыны ұлғаяды деген болжамдар бар. Данияр Сағымбаев 10 жыл бұрын елорда іргесіндегі Қосшы қаласында демалыс орталығын ашқан. Қазір ол жұмысшыларымен бірге қысқы маусымға дайындалып жатыр. Кәсіпкердің айтуынша, мұнда тек қазақстандықтар ғана емес, шетелдік туристер де көп келеді. Өйткені олар біздің табиғатқа және қысқы спорт түрлеріне қатты қызығады.



«Бізде қысқы ойындар көп, хаскимен шаңғы тебеді, хоккей ойнайды, атпен шабады. Көбіне Германияның адамдары келеді. Осында келіп, олар әбден қысқы ойындарды ойнап алады», - Демалыс орталығының директоры Данияр Сағымбаев. 



Биыл отандық қысқы курорттар Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн сынды мемлекеттерден туристерді күтіп отыр. Өйткені «Қазақ туризм» компаниясы 10 шақты халықаралық көрмеге қатысып, еліміздің демалыс орындарын айтарлықтай жарнамалап, тиісті келісім шарттар жасасты. Шетелдіктер негізінен Алматы өңіріндегі тау-шаңғы курорттарына келеді. Мемлекет мұндағы демалыс орталықтарын қолдап, кейбір шығындарын өтеуді көздеп отыр.



«Тау курорттарын ұстау үшін жабдықтар өте қымбат. Соның 20% мемлекет тарапынан өтеу қарастырылған. Енді жабдықтарды жаңарту керек. Қауіпсіздік мәселесі де бар. Роад трак деген деген үлкен жабдықтар бар. Соның бәрі қысқы туризмді дамытуға септігін тигізеді», - дейді "Kazakh tourism" ҰК баспасөз хатшысы Ернұр Кенжебеков.



Шекаралар ашылғандықтан, қазақстандықтар да шетелге барып белсенді демалып жатыр. Қазір сыртқы туризмде ай сайын жаңа бағыттар ашылып жатқанын байқауға болады. Мысалы, енді Астана мен Алматы қалаларынан Вьетнам еліне тікелей рейспен ұшуға болады.



«Қыс кезінде қазақстандықтар Оңтүстік Азия елдеріне барғанды ұнатады. Таиланд, Вьетнам сынды бағыттар жоғары сұранысқа ие. Бұл мемлекеттерге тікелей рейстер бар. Біздің туристер Египет, Түркия, Мальдив аралдарының курорттарын да жақсы көретіні белгілі. Жалпы қазақстандықтар суық мезгілде жылы жаққа баруға әуес», - деді Туристік агенттіктің менеджері Жанар Сыздықова. 



Туристік компания мамандарының айтуынша, қазір шетелдік турлардың құны қолжетімді. Тек мектеп демалысы мен жаңа жыл қарсаңында ғана өсімді байқауға болады. Ал отандық демалыс орындарындағы 1-2 күндік демалыс құны қазақстандықтарды жиі таң қалдырады. Көбі біздегі қызмет көрсету сапасы бұл бағаға тұрмайды деп есептейді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қысқы туризм #демалыс орталығы #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа форматтағы емхана салынады

Бүгін 11:41

Алматыда 15 мыңнан астам қыз бала HPV-ге қарсы вакцина алды

Бүгін 11:25

Алматыда қатерлі ісікті ертерек анықтай бастады

Бүгін 11:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);