AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда қуаты 1 ГВт болатын жел электр станция...

Қазақстанда қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы салынады

Әлеумет 09.06.2022, 10:48 1,272
Қазақстанда қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы салынады
Сурет: Inbusiness.kz

Нысан Жамбыл облысындағы Мирный ауылына жақын орналасатын болады.


Қазақстанда жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясы салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


9 маусымда ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «TotalEnergies» КТ қуаты 1 ГВт ЖЭК ірі ауқымды жобасын іске асыруға бағытталған Қағидаттар туралы келісім жасасты.


Объект Жамбыл облысындағы Мирный ауылына жақын орналасатын болады. Жобаның құрылысын кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланған. Жоба 2024 жылдан бастап 2026 жылды қоса алған кезеңде толық аяқталады деп күтілуде.


Аталған жобаны іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасымен бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, қосымша инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ «жасыл» электр энергиясын генерациялауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.


Жалпы қуаты 1 ГВт жел электр станцияларын дамытуға, қаржыландыруға, салуға және пайдалануға бағытталған құжатқа қол қоюға ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Азияда бизнесті дамыту бойынша «Total Еren S.A.» вице-президенті Антуан Гарэ, Қазақстандағы «TotalEnergies» Бас директоры Ахлем Фрига-Ной қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Станция #жел #электр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Кеше 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Кеше 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Кеше 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Кеше 18:12

Алматыда дәрігерлер инсульт алған науқастарды, тіпті терең қарттық шағында да аман алып қалуда

Кеше 18:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);