AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда қазақ-француз университеті ашылуы мүмк...

Қазақстанда қазақ-француз университеті ашылуы мүмкін

Білім және ғылым 01.11.2023, 07:13 1,675
Қазақстанда қазақ-француз университеті ашылуы мүмкін
Сурет: интернеттен

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.


"Болашақ" бағдарламасы аясында отандық зерттеушілерді Францияның жоғары оқу орындарына жіберу мүмкіндігі кеңейтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



"Мемлекет басшылары деңгейінде Қазақстанда қазақ-француз университетін ашу мәселесін пысықтау жөнінде мәлімдеме жасалады. Біз жеке жұмыс тобын құрамыз, осы мәселені пысықтаймыз", - деді Нұрбек Ақорда кулуарында.



Сондай-ақ, министрдің айтуынша, өңірлік университеттерде Францияның мықты жоғары оқу орындарын тарту арқылы зерттеу кафедраларын ашу мүмкіндігі талқыланады.



"Біз Абай-Верн бағдарламасын кеңейтеміз. Осы бағдарлама аясында жыл сайын француз тарапынан біздің магистранттар мен докторанттардың Францияда оқуына 30 грант бөлінеді. Сол бағдарламаны біз кеңейтеміз. Гранттар санын 45-ке дейін ұлғайтамыз", - деді ғылым министрі.



Бұдан бөлек, "Болашақ" бағдарламасы аясында отандық зерттеушілерді Францияның жоғары оқу орындарына жіберу мүмкіндігі кеңейтіледі.



"Қосымша Францияның 13 жетекші университеті қосылады. Сонымен қатар президенттің бастамасымен басталған 500 ғылыми тағылымдама бағдарламасы кеңейтіледі. Біздің тізімге Францияның жетекші 6 ғылыми зерттеу орталығы мен зертханалары қосылады. Қазіргі таңда сегіз қазақстандық сол жақта тағылымдамадан өтіп жатыр", - деді Саясат Нұрбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Француз #университет #болашақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);