AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда қант диабетімен күрес күшейтілді: тегі...

Қазақстанда қант диабетімен күрес күшейтілді: тегін медициналық көмек кеңейтіліп, диабет мектептері науқастарды оқытуда

Әлеумет 28.02.2025, 11:33 960 dulatbekova
Қазақстанда қант диабетімен күрес күшейтілді: тегін медициналық көмек кеңейтіліп, диабет мектептері науқастарды оқытуда
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Елімізде қант диабетіне шалдыққан азаматтардың өмір сапасын жақсарту мақсатында кешенді шаралар жүргізілуде.

Қоғам денсаулығына елеулі әсер ететін бұл ауруды ерте анықтау, дұрыс емдеу және алдын алу үшін мемлекет тарапынан тегін медициналық көмекті кеңейту, диабет мектептерінің қызметін күшейту және халық арасында тұрақты скрининг өткізу шаралары қолға алынуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде Қазақстан Республикасының Диабет қауымдастығының (ҚРДҚ) президенті Баян Жуманова мәлімдеді.

Бүгінгі күні мемлекетімізде 500 мыңнан астам адам қант диабетімен тіркелген, олардың 10%-ы 1-ші типті, ал 90%-ы 2-ші типті диабетке шалдыққан. Науқастарға дұрыс тамақтану, қандағы қант деңгейін тұрақты бақылау және салауатты өмір салтын ұстану қажеттігін түсіндіру мақсатында елімізде арнайы диабет мектептері жұмыс істейді.

«Диабет мектебінде пациенттерге көмірсуларды есептеу, нандық бірлік (ХЕ) қолдану, инсулин мөлшерін дұрыс анықтау және физикалық белсенділікті сақтау дағдылары үйретіледі. Бұл олардың ауруын тиімді басқаруға және өмір сапасын арттыруға көмектеседі», – деді Баян Жуманова.

Диабетпен ауыратын азаматтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық көмек көлемін ұлғайту мақсатында мемлекет жаңа шараларды енгізуде.

«Елімізде 1-ші типті диабетпен ауыратын барлық азаматтар инсулинмен толықтай тегін қамтамасыз етіледі. Қосымша қандағы қант деңгейін өлшейтін құрылғылар мен тест жолақтары да тегін беріледі. 2-ші типті диабетке шалдыққандар үшін де тегін дәрі-дәрмек қарастырылған, бірақ олар сирек қант өлшейтіндіктен, тест жолақтарының саны шектеулі болады», – деп атап өтті Баян Жуманова.

2024 жылы диабетке қарсы скринингтік тексерулер мен білім беру бағдарламалары кеңейтілді. Республика өңірлерінде эндокринологтар мен жалпы тәжірибе дәрігерлеріне диабетті емдеу бойынша оқу семинарлары өткізілді.

Диабетті ерте кезеңде анықтау аса маңызды, себебі бұл аурудың асқыну қаупін төмендетуге көмектеседі. Осыған байланысты Қазақстанда әрбір азаматтың жылына бір рет қандағы қант деңгейін тегін тексеру мүмкіндігі қарастырылды.

2024 жылдың басынан бері елімізде 492 000 азамат қант диабеті диагнозымен тіркелген. Халық арасында диабетті ерте анықтау шараларының күшейтілуіне байланысты ауруды ерте ауыздықтауға мүмкіндік туып отыр. 

«Диабеттің алдын алу үшін оның ерте анықталуы өте маңызды. Сондықтан біз скринингтік бағдарламалар арқылы халықты уақытылы тексеруге шақырамыз. Әрбір 35 жастан асқан азамат жылына бір рет қандағы қант деңгейін тексеруі қажет», – деп мәлімдеді Баян Жуманова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Қант диабеті #медициналық көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);