AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда прокуратураның мәртебесі өзгеруі мүмкі...

Қазақстанда прокуратураның мәртебесі өзгеруі мүмкін

Әлеумет 22.04.2022, 09:07 1,070
Қазақстанда прокуратураның мәртебесі өзгеруі мүмкін
Сурет: Tver.kp.ru

Бірнеше жаңашылдықтарды іске асыру көзделіп отыр.


«Ашық НҚА» порталында «Прокуратура туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы туралы реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Прокуратура органдарының мәртебесін нығайту жөніндегі ұсынымдар Еуропалық прокурорлардың Консультативтік Кеңесінің құжаттарында да бар. Кеңес қорытындысының 13-тармағында прокурорлардың тәуелсіздігі, есептілігі және этикасы ұлттық заңнамада немесе тіпті елдің конституцияларында көзделген прокурорлар статусына енгізілген ұғымдар болуы тиіс деп көзделген», - деп жазылған консультативтік құжатта. 



Сондай-ақ құжат мәтінінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстанға Конституциясда прокуратура органдарының мәртебесін айқындау және прокурорларды олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау, олардың дербестігіне, оның ішінде қаржыландыру тұрғысынан кепілдік беруді ұсынғаны айтылады. 



Нақтырақ айтсақ, «судьялар мен прокурорлар міндеттерінің табиғатының жақындығы мен өзара толықтырылуын, сондай-ақ олардың мәртебесі мен қызмет ету жағдайларына қатысты талаптарды ескере отырып, прокурорлардың судьялар үшін көзделген кепілдіктерге ұқсас кепілдіктері болуға тиіс», -деп жазылған. 



Ал Біріккен ұлттар ұйымы Қазақстанға тергеу кезіндегі азаптау фактілерін тексеруді прокуратура органдарына беру туралы ұсынысты талайдан бері айтып жүр. Құжатта бұл ұсыныс та ескерілген. Осы және өзге де ұсыныстар мен халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, бірнеше жаңашылдықтарды іске асыру көзделіп отыр. Олар:


 - Қадағалаудың әрбір бағыты бойынша прокурордың өкілеттіктерін қайта қарау;


- Прокуратура органдарының құқық қорғау институттарымен (Адам құқықтары жөніндегі уәкіл), сондай-ақ жұртшылықпен (БАҚ, ҰАТ және т. б.) өзара іс-қимылын күшейту;


 -Азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерін тергеу бойынша функцияларды прокуратура органдарына беру; 


Прокуратура қызметінің құқықтық кепілдіктерін күшейту. 


Құжат қоғамдық талқылауға16 мамырға дейін ұсынылады. 


Еске салсақ, Президент халыққа биылғы Жолдауында азаптауға байланысты қылмыстарды Бас прокуратураға жүктеуді ұсынған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокуратура #Қазақстан #өзгерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жылу желілерін сынау жұмыстары жалғасуда

Бүгін 18:12

Алматының Медеу ауданының кей жерінде 12–16 мамыр аралығында газ беру уақытша тоқтатылады

Бүгін 18:09

Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскелері

Бүгін 15:53

Алматыдағы көрмеге 80-нен астам авторлық жұмыс қойылды

Бүгін 15:38

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Бүгін 15:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);