конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда ПЭТ/КТ зерттеуін күту мерзімі 14 күнге...

Қазақстанда ПЭТ/КТ зерттеуін күту мерзімі 14 күнге дейін қысқарды

Медицина Бүгін 13:32 28
Қазақстанда ПЭТ/КТ зерттеуін күту мерзімі 14 күнге дейін қысқарды
Фото: Gov.kz

ПЭТ/КТ медициналық көрсетілімдер бойынша тегін жүргізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда пациенттердің жоғары технологиялық диагностикаға қолжетімділігі жеделдетілді. 2026 жылдың жеті айында Бірыңғай республикалық үйлестіру орталығы арқылы ПЭТ/КТ зерттеуіне 26,8 мыңнан астам жолдама расталды. Бүгінде зерттеуді күтудің орташа мерзімі 14 күнге дейін қысқарды.

Пациенттер үшін басты нәтиже – қажетті тексеруден тезірек өту мүмкіндігі. Орталықтандырылған жазылу жүйесі еліміздің барлық өңірлеріндегі медициналық ұйымдарда қолжетімді орындарды көруге және зерттеуден қысқа мерзімде өтуге болатын ұйымға пациентті бағыттауға мүмкіндік береді.

Өз бетінше іздеудің орнына – бірыңғай жазылу жүйесі

Бірыңғай республикалық үйлестіру орталығы (БРҮО) «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Дәрігердің жолдамасын алғаннан кейін пациентке медициналық ұйымды өз бетінше іздеп, ПЭТ/КТ өткізуге арналған бос орындардың бар-жоғын анықтаудың қажеті жоқ.

Орталықтың мамандары жазылу үдерісін үйлестіріп, медициналық ұйымдардың жүктемесін ескере отырып, зерттеуден өтуге қолжетімді уақытты таңдауға көмектеседі.

Қазіргі уақытта жүйеге медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары, онкология орталықтары және ПЭТ/КТ зерттеулерін жүргізетін 12 медициналық ұйым қосылған.

Бірыңғай жүйенің арқасында мамандар еліміз бойынша қолжетімді диагностикалық мүмкіндіктерді көріп, пациенттер ағынын тиімдірек бөле алады.

ПЭТ/КТ зерттеуінен қалай өтуге болады

Пациент үшін маршрут барынша түсінікті:

  • дәрігердің жолдамасы → БРҮО арқылы растау → зерттеуге жазылу → ПЭТ/КТ зерттеуінен өту.

Медициналық ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды және жазылу үдерісін үйлестіруді БРҮО қамтамасыз етеді.

2026 жылдың жеті айында орталықтың бір операторы тәулігіне орта есеппен 150-ге дейін өтініш өңдеген. Бұл пациенттерге қажетті ақпарат алуға және белгіленген маршрут бойынша медициналық көмек алуға мүмкіндік берді.

ПЭТ/КТ медициналық көрсетілімдер бойынша тегін жүргізіледі

ПЭТ/КТ – заманауи диагностикалық әдістердің бірі. Зерттеу дәрігерлерге патологиялық үдерістерді анықтауға, аурудың таралу деңгейін бағалауға және жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Тиісті медициналық көрсетілімдер мен дәрігердің жолдамасы болған жағдайда ПЭТ/КТ пациент үшін тегін, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі.

Жоғары технологиялық диагностикаға қолжетімділікті жеделдету қажетті зерттеуден ертерек өтуге және дәрігерге емдеудің одан арғы тактикасын анықтау үшін қажетті мәліметтерді уақтылы алуға мүмкіндік береді.

БРҮО медициналық ұйымдардың арасындағы орталықтандырылған жазылу мен үйлестіру жүйесін одан әрі жетілдіруді жалғастырады. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің диагностикалық мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Пациент үшін бұл жұмыстың нәтижесі қарапайым: күту уақыты азаяды, медициналық маршрут түсінікті болады және заманауи диагностикаға қолжетімділік жеделдейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пэт #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Центральная көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 14:18

ЖИ нотариат саласына да енгізілетін болды

Бүгін 14:10

Еліміздегі көлік көп жүретін ақылы жолдардың рейтингі жасалды

Бүгін 14:05

Постсекулярлы қоғам және ұлттық сана: жаңа ғылыми еңбек көпшілікке ұсынылды

Бүгін 13:57

Болашақ реакторларға арналған материалдар қалай сыналады?

Бүгін 13:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);