AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын есепке алуды...

Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды

Әлеумет 14.06.2022, 07:13 1,164
Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды
Сурет:Pro-arctic.ru

Деректерді беру автоматты режимде жүзеге асады.


Елімізде мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Энергетика министрлігінің мәліметінше, жүйеге қазірдің өзінде 25 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы компания және 3 мұнай өңдеу зауыты қосылды. Қазір қалған өндіруші компанияларды жүйеге қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.



«Ақпараттық жүйені құру және енгізу жұмыстары «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы мен «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде Энергетика және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің басшылығымен жүргізілді. Ақпараттық жүйе мұнайды дайындау, өңдеу және тасымалдау кезеңдерінде есепке алу аспаптарынан деректер жинауды автоматтандырады. Деректерді беру автоматты режимде жүзеге асады», - делінген Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесіне енгізудің негізгі көрсеткіштері:


- жедел деректер негізінде мемлекеттік деңгейде басқарушылық шешімдер қабылдауды қолдау;


- шикі мұнай мен газ конденсатының айналымын болжау;


- есепке алу аспаптарынан алынған деректер негізінде есептерді автоматты қалыптастыру.



«Бұдан басқа есептеу аспаптарынан деректерді автоматты түрде жинау жер қойнауын пайдаланушыларға күнделікті есептілікті қолмен тапсыру шығыстарын қысқартуға, сондай-ақ адами факторды алып тастауға байланысты деректерді дұрыс енгізбеу тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #мұнай #жүйе #Қазақстан #Ақпарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28

Алматыда жаңа экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 13:23

Экологиялық күн тәртібіндегі сегіз жыл

Бүгін 13:20

Жергілікті бастамадан ауқымды жобаға дейін

Бүгін 13:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);