Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама жүргі...

Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба іске қосылды

Әлеумет 11.03.2022, 04:43 1,422
Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба іске қосылды
Сурет: Inform.kz

Осы арқылы 10 мыңға жуық өтінім қаралды.


Мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша, Қазақстанның барлық өңірлерінен 9 609 өтінім қаралды. Қазіргі уақытта жобаға 487 медициналық ұйым қосылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бұған дейін хабарланғандай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ қызмет көрсетушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды»,- делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Осы тапсырманы іске асыру шеңберінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, Қазақстанның барлық 17 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске қосты.


Мүгедектік тобын белгілеу бойынша қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі керек, ал қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.



«Бұрын денсаулығынан айырылған азаматтарға мүгедектікті белгілеу және техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін алу үшін әртүрлі инстанцияларға жүгінуге тура келетін. Мәселен, алдымен тексерілу үшін емханаға, содан кейін мүгедектікті анықтау үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне, содан соң мүгедектік белгіленгеннен кейін жәрдемақы тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-та және ОТҚ мен оңалту қызметтерін алу үшін әкімдікке жүгінуге мәжбүр болатын. Содан кейін кейде бірнеше айға созылған мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізіледі. Осылайша, азаматтар техникалық құралдар мен қызметтерді уақтылы ала алмады, сондай-ақ олардың сапасына әрдайым қанағаттанбады.


Енді пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінеді, ал медициналық-әлеуметтік сараптама емханадағы дәрігерлердің қорытындысы негізінде оның қатысуынсыз қашықтықтан жүргізіледі. Жәрдемақы мүгедектік тобы белгіленгеннен кейін автоматты түрде тағайындалады. ОТҚ және оңалту қызметтері 2021 жылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өз бетінше таңдай алады және тапсырыс бере алады, ал мемлекет олардың құнын өтейді. Порталдың арқасында кезектілік процестері айқын болды, кейбір жағдайларда тауарлар мен қызметтерді ұсыну мерзімі жарты жылдан 2 аптаға дейін қысқарды», – деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Еңбекмині #Қазақстан #сараптама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика