Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда МӘМС аясында емделетін аурулар тізімі...

Қазақстанда МӘМС аясында емделетін аурулар тізімі кеңейтілді

Медицина 14.01.2026, 16:20 262
Қазақстанда МӘМС аясында емделетін аурулар тізімі кеңейтілді
Сурет: Gov.kz

1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеті кеңейтілді.

 Енді бірқатар созылмалы ауру осы жүйе аясында көрсетілетін медициналық қызметтер қатарына енгізілді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мәлім етті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Атап айтқанда, МӘМС пакеті қант диабеті, балалардың церебралды сал ауруы, ревматизм, дәнекер тіндерінің жүйелі зақымдануы сияқты ауруларды қамтиды.

Осылайша, МӘМС әлеуметтік маңызы бар 11 аурудан басқа созылмалы дерттердің басым бөлігін өтейді. Ал аталған 11 ауру тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында қаржыландырылады. Олардың қатарында туберкулез, АИТВ, қатерлі ісіктер, созылмалы вирусты гепатиттер мен бауыр циррозы, психикалық бұзылыстар, орфандық аурулар, жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары, орталық жүйке жүйесінің демиелинизациялық сырқаттары, эпилепсия, жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай), инсульт (1 жыл ішінде) бар.

Бірыңғай пакеттің кеңеюі әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтау кепілдіктерін күшейтуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, онкологиялық скринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан Қазақстанның барлық азаматына қолжетімді болады.

Қазір ТМККК аясында тек туберкулез бен АИТВ-инфекциясын анықтау қарастырылған, ал басқа әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалау МӘМС есебінен жүргізіледі.

Сонымен қатар сақтандырылмаған азаматтар да базалық медициналық қызметтер пакетін пайдалана алады. Оған мыналар кіреді:
• емханаларға алғашқы жүгіну;
• вакцинация және онкологиялық скринингтер;
• әлеуметтік маңызы бар ауруларға күдік туындаған кездегі диагностика;
• жедел жәрдем қызметі;
• өміріне қауіп төндіретін жағдайлардағы шұғыл медициналық көмек;
• барлық әлеуметтік маңызы бар ауру бойынша диагностика, емдеу, алдын алу және тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
• жұқпалы аурулар кезінде медициналық көмек;
• қан препараттарымен қамтамасыз ету;
• паллиативтік көмек және ауыр науқастарға ұзақ мерзімді күтім.

Онкоскринингтердің баршаға қолжетімді болуы қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтап, тиімді ем жүргізуге мүмкіндік береді.

Барлық сақтандырылған азамат бұрынғыдай тегін ем алып, дәрігер кеңесіне жүгініп, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда 12 миллионнан астам адам жеңілдікті санатқа жатады, олардың сақтандыру жарнасын мемлекет төлейді.

Сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өмірлік қиын жағдайға тап болған шамамен 1 миллион азамат жергілікті атқарушы органдар есебінен сақтандырылады.

Азаматтар «D» немесе «E» санатына жататынын білу үшін тіркелген емханасына жүгінуі қажет.

Сақтандырылған мәртебе тегін талдаулардан өтуге, диагностикаға, дәрігер кеңесіне, жоспарлы операцияларға, емделуге және оңалту шараларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Өз мәртебеңізді төмендегі құралдар арқылы тексеруге болады:
• Telegram-дағы SaqtandyryBot; (https://t.me/SaqtandyryBot);
• ӘМСҚ ресми сайты (https://msqory.kz/ru/naseleniyu/uznat-status-kalkulyator-osms/uznat-status-zastrakhovannosti/);
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
• eGov.kz порталы немесе eGov mobile қосымшасы;
• кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #аурулар тізімі #кеңейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі