AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстанда мал қыстатуға 6,5 млн тонна шөп дайынд...

Қазақстанда мал қыстатуға 6,5 млн тонна шөп дайындалды

Өмір-өзен 09.07.2021, 10:37 2,088
Қазақстанда мал қыстатуға 6,5 млн тонна шөп дайындалды
Сурет: Pxfuel.com

Азық дайындау жұмыстарын үйлестіру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанынан республикалық жедел штаб құрылды.


Қазақстан үкіметі үстіміздегі жылы мал азығын дайындау жұмыстарына ерекше назар аударып отыр. Барлық облыстарда алдағы қысқа арналған төрт түлік малға жем дайындау жоспарлары анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және ішінара Алматы облыстарында малды азықпен қамтамасыз ету жағдайы қиындады. Құрғақшылық салдарынан Маңғыстау облысында және Қызылорда облысының Арал ауданында мал өлімі тіркелді. Маңғыстау облысы бойынша 1 147 ауыл шаруашылығы жануары немесе облыстың жалпы мал басының 0,13%-ы, Қызылорда облысы бойынша - 492 бас немесе облыстың ауыл шаруашылығы жануарының жалпы мал басының 0,03%-ы өлді»,– делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз-қызметінің хабарламасында .



ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан жем-шөп дайындау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру үшін республикалық жедел штаб құрылды. Штаб отырысы үнемі өткізіліп тұрады. Облыс әкімдіктерінің жанынан да азық дайындау мәселелерін тұрақты түрде мониторингілеу және жедел шешу үшін жедел штабтар құрылды. Барлық облыстарда алдағы қысқа арналған ауыл шаруашылығы малдарына жем дайындау жоспарлары анықталды.


Құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлердің фермерлері үшін мал жаюға жайылымдар беру және шөп шабуды ұйымдастыру бойынша өңіраралық өзара іс-қимыл ұйымдастырылуда.


Шөп шабу үшін пайдаланылмайтын және жайылмалы шалғындарды бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Халыққа орман шаруашылығы аумақтарында және табиғи резерваттарда шөп дайындау мүмкіндігі беріледі, ауыл тұрғындарына егін жинау жұмыстарынан кейін алқаптардан сабан жинау мүмкіндігі беріледі.


Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша өңірлер 6,5 млн тонна шөп дайындалған.


Маңғыстау облысына 13 мың түп және 92 орам шөп әкелінді, апта сайын 5 вагон кебек жеткізілуде. Көршілес облыстар аумағында шөп шабу ұйымдастырылды. Басқа өңірлерге уақытша 6 470 бас мал тасымалданды. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 637 тонна арзандатылған арпа жеткізді. Азық дайындауды жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің резервінен 1,9 млрд.теңге бөлінеді. 


Арал ауданына 1 мың тоннадан астам шөп және 40 тонна құнарлы жем жеткізілді. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 600 тонна арпа жеткізеді. 12 шабындық бригада құрылып, жем-шөп тасуға 127 автомашина жұмылдырылды. Көршілес Ақтөбе облысынан ірі жем-шөп жеткізу ұйымдастырылды.


Мал азығын дайындау және қамтамасыз ету мәселелері ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктерінің тұрақты бақылауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шөп #сено #Минсельхоз #Казахстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);