Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Қазақстанда көмір қаншаға қымбаттады?

Қазақстанда көмір қаншаға қымбаттады?

Нарық 02.11.2021, 05:50 1,886
Қазақстанда көмір қаншаға қымбаттады?
Сурет: Vechastana.kz

Тас көмір өндірісі бір жылда 2 пайызға артқан.


Көмірдің бағасы бір жылда 5 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда өндірілген көмір көлемі 82,1 млн тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға артық. Көмірдің жартысынан астамы әдеттегідей Павлодар облысына (47,9 млн. тонна), тағы үштен бір бөлігі – Қарағанды ​​облысына (27,7 млн. тонна) тиесілі. Шығыс Қазақстан облысында да айтарлықтай көлемде көмір (6 млн. тонна) өндірілді.


Өндірілген көмірдің жалпы көлемінің 76,1 млн тоннасы тікелей тас көмір, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 2%-ға артық.


Жалпы, 2020 жылы қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда тас көмір өндіру көлемі 113,4 млн тоннаны құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,4%-ға аз. Оның 104,1 млн тоннасы тас көмір, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға аз.



Қазақстанда 2021 жылдың қыркүйек айының соңындағы мәліметі бойынша, көмір бағасы жылдық орташа есеппен 5,1%-ға өскен. Осы саладағы бағаның қымбаттауы екінші жыл қатарынан байқалуда.


Қазақстан Республикасының 17 өңірінің 14-інде көмір бағасы қымбаттап кеткен, қымбатшылық қатты байқалған аймақ – Шығыс Қазақстан облысы (жылдық көрсеткіш 10,8%), одан кейін Жамбыл және Түркістан облыстары (8,6%). Көмір бағасы арзандаған жалғыз аймақ – Батыс Қазақстан облысы (1%).



Қазақстан Республикасының ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында ағымдағы жылдың қыркүйек айында ең қымбат көмір Оралда болды: тоннасы 19,3 мың теңге. Тараз (15,6 мың теңге) бен Түркістан (тоннасы 15,3 мың теңге) қалаларының тұрғындары да қымбат отынды сатып алуға мәжбүр болды.


Ең арзан көмірді Семей (9,8 мың теңге), Қарағанды ​​(10,8 мың теңге) және Өскемен қалаларынан (тоннасына 10,9 мың теңге) сатып алуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #көмір #баға #қымбат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады

Бүгін 10:35

Бір дәруменнің тапшылығы аурудың ауыр өту қаупін арттыруы мүмкін

Бүгін 10:29

QyzPU-да KazChessLab инновациялық зертханасы ашылды

Бүгін 09:42

Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Бүгін 09:32

Алматылық «Болашақ» стипендиаттары Президентпен Вашингтонда жүздесті

Кеше 21:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі