Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда кітапхана ісі бойынша 5 мыңнан аса ма...

Қазақстанда кітапхана ісі бойынша 5 мыңнан аса маман даярлануда

Білім және ғылым 26.04.2024, 13:41 1,387
Қазақстанда кітапхана ісі бойынша 5 мыңнан аса  маман даярлануда
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстандық жоғары оқу орындарында кітапхана ісі бойынша 5 мыңнан аса студент білім алуда. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова ХІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциядағы сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Заманауи кітапхана – жоғары оқу орнының ақпараттық-кітапханалық  қызмет көрсету сапасының кепілі» тақырыбында екі күндік конференция жұмысы басталды. Іс-шара QyzPU 80 жылдық мерейтойы аясында  ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Университет кітапханаларының қауымдастығы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және СДУ университетінің қолдауымен өткізілуде.


ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова 2023-2024 оқу жылында кітапхана кадрларын даярлауға арналған гранттар саны 2,5 есе артқанын атап өтті.



«Еліміздің 12 жоғары оқу орны «Кітапхана ісі» және «Ақпаратты өңдеу және мұрағат ісі» бағдарламалары бойынша кадрларды даярлауда. Білім алушылар саны 5 мыңнан астам адамды құрайды. 2023-2024 оқу жылында кітапхана ісі қызметкерлерін даярлауға 123 грант бөлінді, бұл көрсеткіш 2,5 есеге өскенін көрсетеді. Университеттер жыл сайын еңбек нарығына талдау жүргізеді, соның негізінде жаңа және инновациялық бағдарламалар әзірленеді. Бүгінгі таңда отандық жоғары оқу орындарында 225 кітапхана жұмыс істейді. Кітаптардың саны 55 миллион дана, оның ішінде қазақ тілінде – 23 миллион, орыс тілінде – 29 миллион, басқа тілдерде – 2 миллион», – деді Комитет төрайымы.



Конференция барысында заманауи университет кітапханасы және жоғары білім мен ғылымды ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз етудің даму тенденциялары, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз етудің бағдарламалық-техникалық шешімдері және ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету сапасын бағалаудың заманауи әдістері талқыланды.


Кітапхана қауымдастықтары мен мекемелерінің Халықаралық Федерациясының (ИФЛА) Азия және Океания бойынша аймақтық филиалы комитетінің төрағасы Линь Ли Со кітапхана ісінің мамандарына алдағы уақытта өтетін маңызды шаралар жайлы ақпарат берді.



«Алдағы айларда біз бірнеше вебинар ұйымдастырамыз, олардың мақсаты қазіргі заманғы кітапхана қызметінің өзекті бағыттары бойынша кітапхана қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіру болып табылады. Біз климаттың өзгеруі және табиғи апаттарды жоспарлау, сирек материалдар мен басылымдардың сақталуын қамтамасыз ету, үнемі өзгеріп отыратын цифрлық әлемде ақпаратты тиімді іздеу құралдары сияқты маңызды қоғамдық және кәсіби тақырыптарды қарастырамыз. Сонымен қатар осы жылдың 30 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында сіздерді ақпараттық процестердегі болып жатқан өзгерістерді зерттеу және талдау мақсатында Австралияда өтетін IFLA саммитіне қатысуға шақырамыз», – деді Сингапур Ұлттық кітапханасы Кеңесінің серіктестік бөлімінің директоры.



Халықаралық шараға еліміздің 14 қаласынан 44 жоғары оқу орнынан қатысып жатыр. Алыс және жақын шетелдерден (АҚШ, Сингапур, Швейцария, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан) 28 маман келді.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана #оқу #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Түркияда өткен таеквондодан турнирде бес медаль жеңіп алды

Бүгін 12:32

Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат сүріліп жатыр

Бүгін 12:16

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Бүгін 12:10

Freedom Inside форумы: цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіреді

Бүгін 12:05

Белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді

Бүгін 11:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика