AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Қазақстанда киіктерді қорғау үшін «Бөкейорда» таби...

Қазақстанда киіктерді қорғау үшін «Бөкейорда» табиғи резерваты құрылды

Өмір-өзен 04.07.2022, 11:35 1,641
Қазақстанда киіктерді қорғау үшін «Бөкейорда» табиғи резерваты құрылды
Сурет: Inform.kz

Мемлекеттік табиғи резерватының ауданы 343040,1 гектарды құрайды.


Үкімет қаулысымен «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты және Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалы құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz сілтеме жасап.



«Киіктердің ауыл шаруашылығына тигізетін зиянын барынша азайту және  ақбөкендердің  Орал популяциясының мекендеу аумағын сақтау мақсатында Батыс Қазақстан облысында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты және Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалы  құрылды», - деп жазылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында.



«Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалының ауданы 314504,1 гектарды, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ауданы 343040,1 гектарды құрайды.


Жоғарыда аталған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда, Жәнібек, Казталов, Жаңақала аудандарының аумағында орналасқан.


Резерват қызметіне қаржылық қолдау және ғылыми сүйемелдеу көрсетілетін болады.


Киіктердің дүниежүзілік таралымының 90%-дан астамы Қазақстанда мекендейді. Олардың - Бетпақдала, Орал және Үстірт секілді үш популяциясы бар.



«Бүгінде Орал популяциясының саны 801 мың басты құрайды. Бұл жайылымдар мен суаттар үшін ауыл шаруашылығы жануарларымен киіктердің бәсекелестігінің артуына алып келді. Сондай-ақ, ақбөкендер ауыл шаруашылығы дақылдарын таптап жатыр», - деп хабарлайды министрліктен.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология #Киік #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дзюдошы Санжар Еруланұлы Ташкентте жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Бүгін 12:05

Астанада хореографиялық оқу орындарының «Temps lié» IV халықаралық фестивалі ашылды

Бүгін 11:06

Қазақстанда америкалық авиация университетінің филиалын ашу жоспарлануда

Бүгін 10:05

Қарулы күштердің 1500-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады

Кеше 18:00

Астанада конкурдан FEI Әлем кубогының Еуразия лигасы финалы басталды

Кеше 17:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);