Қазақстанда киік саны 1 млн 300 мыңға жетті

Қазақстанда киік саны 1 млн 300 мыңға жетті Cурет: Ашық дереккөз

Орал популяциясында 800 мың бас бөкен бар


Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова киік саны еліміз бойынша 1 млн 300 мыңға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Батыс Қазақстанда «Бөкей ордасы» мемлекеттік резерваты мен «Ащыөзек» табиғи қаумалы құрылды. Вице-министр аудандарға барып, «киіктерден зардап шегіп отырмыз» деп шағымданған шаруалармен кездесті. Резерват осы мәселені шешуге ықпал етеді деп ашылды. Табиғи аумақтың жалпы ауданы - 650 мың гектар. Онда 78 адам жұмыс істейді.


Ал Қазақстанда киік саны 1 млн 300 мыңға жетті. Орал популяциясында 800 мың бас бөкен бар. Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлады.


Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекованың айтуынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақ 1 шілдеден бастап нақты іске кіріседі. Оған республикалық бюджеттен 300 млн теңге қаржы бөлінеді.



«Басты мақсат – киікті қорғау, оның көші-қонын қадағалау. Аумақта шамамен 250 мыңдай киік болады. Резерватта аңшылық жасауға тыйым салынады. Ал ол жерден тыс аумақта киікті аулаумен басқа бір мекеме шұғылданады. Ол жағын әлі ойластырып жатырмыз»,-дейді Әлия Шалабекова.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21