AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда кейбір техникалық оңалту құралдарын қа...

Қазақстанда кейбір техникалық оңалту құралдарын қайтару бойынша пилоттық жоба іске қосылады

Әлеумет 09.09.2025, 11:56 713 dulatbekova
Қазақстанда кейбір техникалық оңалту құралдарын қайтару бойынша пилоттық жоба іске қосылады
Сурет: Gov.kz

Пилоттық жоба Абай облысында, Павлодар өңірінде және Шымкент қаласында іске асырылады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, кейіннен қайтару арқылы өтеусіз пайдалану шартымен азаматтарды жекелеген техникалық оңалту құралдарымен  қамтамасыз ету бойынша пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Осыған байланысты бірлескен бұйрық жобасы туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану негізінде мынадай жекелеген ТОҚ түрлері ұсынылатын болады: протездік-ортопедиялық (мысалы, жүріп-тұруға арналған құрылғылар, ұстағыштар және т.б.), сурдоқұрылғылар, тифлотехникалық құралдар, гигиеналық жабдықтар және арнайы қозғалыс құралдары.

ТОҚ-мен қамтамасыз етудің жаңа тетігінің маңызды аспектісі – оңалту құралдарының тозу деңгейін айқындайтын, оларды уақтылы жөндеу немесе ауыстыру арқылы тиісті техникалық күйге келтіруді қамтамасыз ететін әлеуметтік-техникалық сараптама қызметін құру болып табылады.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивтік саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленген. Жоба ТОҚ-ны ұтымды пайдалану тетігін енгізуге, заманауи үлгілердің сапасын жақсартуға және қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде мүгедектігі бар адамдарды оңалтуға және олардың қоғамға сіңісуіне оң әсерін тигізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #оңалту құралдары #қайтару #пилоттық жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің кей өңірлеріне ауа райына байланысты ескерту жасалды

Бүгін 08:30

Алматы әкімі AMANAT партиясы алаңында тұрғындарды қабылдады

Кеше 22:16

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Кеше 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Кеше 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Кеше 18:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);