конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда кейбір мемлекеттік қызметкерлерге кәсі...

Қазақстанда кейбір мемлекеттік қызметкерлерге кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат беріледі

Әлеумет 02.10.2024, 11:49 1,296 Nursok82
Қазақстанда кейбір мемлекеттік қызметкерлерге кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат беріледі
Сурет: Gov.kz

Бірақ кәсіпкерлік қызмет лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтірмеуі тиіс.

Қазақстан Конституциясына сәйкес келмейтін кейбір заң нормалары жойылмақ. Тиісті заң жобасын бірінші оқылымда Мәжіліс депутаттары мақұлдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысу құқығына қойылған шектеу Конституцияға қайшы деп танылды.

"Яғни, мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген тұлғалар енді кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады. Оларға РМҚК, коммуналдық кәсіпорындар, коммуналдық мемлекеттік мекемелер, соның ішінде мектептер мен ауруханалардағы басқарушылық функцияларды жүзеге асыратын тұлғалар жатады. Бұлар – бірінші басшылар, олардың орынбасарлары, мемлекеттік сатып алу департаменттерінің басшылары, филиалдардың басшылары", – деді Мәжіліс депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов.

Алайда кәсіпкерлік қызмет лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтірмеуі, қызметтік мүлікті пайдалануды туындатпауы және лауазымдық міндеттерімен мүдделер қақтығысына әкелмеуі тиіс.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қойылған тыйымды сақтап қалу ұсынылады:

▪ аумақтық сайлау комиссияларының тұрақты негізде өкілеттіктерін жүзеге асыратын мүшелеріне;

▪ Ұлттық банк қызметкерлеріне;

▪ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметкерлеріне;

▪ "Қазақстан авиациялық әкімшілігі" АҚ қызметкерлеріне;

▪ ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардағы басқарушыларға;

▪ бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды таңдау және сатып алу саласындағы бөлімшелерге

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кәсіп #мемқызметкер #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды: «Халық Конституциясы – Әділетті Қазақстанның төлқұжаты»

Бүгін 00:13

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

Кеше 18:06

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше 17:38

Шерзод Давлатов Еуропа кубогының чемпионы атанды

Кеше 17:33

Евгений Данилов пен Богдан Бобров РПТ турнирінің күміс жүлдегерлері атанды

Кеше 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);