ffin.kz

Қазақстанда картоптың бағасы түсе бастады – ҚР АШМ

Қазақстанда картоптың бағасы түсе бастады – ҚР АШМ Сурет: Gov.kz.

Қазақстанда картоп жеткілікті


 Бүгінгі таңда ең төмен баға Қостанай (138 тг/кг) және Ақтөбе облыстарында (166 тг), ал ең жоғары баға Нұр-Сұлтан қаласында (225-450 тг), СҚО (320-340 тг), ШҚО (335 тг) және Қарағанды облысында (270-310 тг) тіркелген.


Өңірлердің жедел деректеріне сәйкес, 11 маусымдағы жағдай бойынша, республикада 70 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қоры бар, деп хабарлады Almaty-Akshamy.kz. Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарына сілтеме жасап.


Белгіленген тұтыну нормаларына сәйкес, елдегі картоп қоры жарты айдан астам уақытқа жетеді (халықтың жан басына шаққанда жылына 95 кг норма болғанда, еліміздің халқы күніне 4,9 мың тонна картоп тұтынады)


Айта кету керек, бұл елдегі картоп қорының шағын фермерлердегі және халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарындағы сақталған картоп қорының негізгі көлемін (шамамен 80%) есептемегендегі көрсеткіші.


Қазіргі бағаларға қатысты: күнделікті баға мониторингі картоптың бөлшек саудадағы бағасы 138-450 теңге/кг аралығында болатынын көрсетеді. Бүгінгі таңда ең төмен баға Қостанай (138 тг/кг) және Ақтөбе облыстарында (166 тг), ал ең жоғары баға Нұр-Сұлтан қаласында (225-450 тг), СҚО (320-340 тг), ШҚО (335 тг) және Қарағанды облысында (270-310 тг) тіркелген.


Елордалық базарлар мен сауда нысандарының мониторингі бүгінгі күні картопқа деген сұраныстың жоқ екенін көрсетті. Ассортиментте былтырғы жылғы да, жаңа дақылдың картоптары да бар және сатылып жатыр. Сонымен қатар тауарлардың жеткілікті болуына байланысты баға төмендеп келеді.


Өткен жылғы картоп сапасына қарай келісі 120 теңгеден 200 теңгеге дейін сатылады. Биылғы өнім  «Шарын» және «Шапағат» сауда орталықтарында 280-320 теңгеден, «Евразия», «Магнум» және «Смолл» СОО-да келісі 400-450 теңгеден сатылады.


Бағаның өсуіне қатысты: Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жыл басынан бері картоптың құны 48,6%-ға өсті. Бұл өсім маусымдық сипатқа ие. Мысалы, 2020 жылы дәл осы күні статистика органдары 46%-ға жуық өскенін тіркеген.


Жағдайды талдау маусымдық бағаның өсуіне делдалдар мен сауда объектілерінің үстемені көп қосқаны әсер еткенін көрсетіп отыр.


Айта кету керек, маусым айынан бастап оңтүстік аймақтарда ерте пісетін көкөністер мен картоптың жаңа өнімі жаппай жинала бастады. Мұнда биылғы картоптың бағасы тоннасына 175-200 мың теңге аралығында. Жақын арада жаңа өнімдерді жеткізу нарықтағы бағаға едәуір оң әсер етуі мүмкін.


Осыған байланысты өңірлердің жергілікті атқарушы органдарына ерте пісетін картопты Түркістан облысынан сатып алу ұсынылады.


Биылғы картопты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының нарығына жеткізуді ұйымдастыру үшін оператор ретінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ны іске қосу қажет.


Сондай-ақ, әкімдік ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен жеткізе отырып, жәрмеңкелер ұйымдастыру ұсынылады.


Анықтама: 2021 жылы бүкіл республика бойынша ұйымдастырылған шаруашылық жүргізуші субъектілердегі картоптың егістік алқабы 198 мың гектарды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 мың гектарға артық. Осы мәліметтерге сәйкес, картоп өндірісі 4 миллион тонна деңгейінде күтілуде.


Мемлекет тарапынан фермерлерге тұқым, минералды тыңайтқыштар, пестицидтер сатып алу кезінде субсидия түрінде қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ суармалы жердің шығындары ішінара өтеледі.


Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде техниканы сатып алу, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу объектілерін құру, суару жүйелерін құру және кеңейту және т.б. кезінде шығындардың бір бөлігі өтеледі. Бұдан бөлек, арзандатылған дизель отынын жеткізу қамтамасыз етіледі және егін егу және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру кезінде көмек көрсетіледі.


Бұл шаралар АӨК субъектілерін қолдауға ғана емес, өнімді сатқанда бағасының өсуіне жол бермеуге де бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51