AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жылу энергетикасы саласына сұраныс арт...

Қазақстанда жылу энергетикасы саласына сұраныс артып келеді

Әлеумет 29.08.2025, 10:13 1,191
Қазақстанда жылу энергетикасы саласына сұраныс артып келеді
gov.kz

Қазақстанда жылу энергетикасы саласындағы мамандықтарға қызығушылық қайта күшейіп отыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, биыл бұл салаға түскен түлектердің саны бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жеткен.

«Біз соңғы екі жылда энергия өндіретін кәсіпорындардағы орташа жалақыны 420-450 мың теңгеге дейін көтердік. Соның нәтижесінде мамандардың кетуі тоқтады. Биылғы жылы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп гранттар санын ұлғайтып, алғаш рет Алматы энергетика және байланыс университетіне (АЭБУ) 200 студент түсті. Бұлай ешқашан болған емес. Сондықтан салаға мамандарды қайта тартуға мүмкіндік бар. Әрине, жақсы энергетикті бірнеше жыл баулу қажет. Бұл үрдіс біздің бақылауымызда болады, сондықтан кадрлық әлеуетті қалпына келтіру басталды деп айта аламыз», – деді ол.

Жылу энергетикасы — елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы үшін маңызды саланың бірі. Соңғы жылдары энергетикалық нысандарда жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, жаңа қондырғылар енгізілуде. Бұл өз кезегінде білікті кадрларға деген сұранысты арттыруда.

Сарапшылардың айтуынша, энергетика саласындағы еңбекақының көтерілуі, әлеуметтік кепілдіктердің жақсаруы және мемлекеттік қолдау шаралары жас мамандардың қызығушылығын арттырып отыр.

Сонымен қатар, биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында техникалық бағыттағы гранттар көлемі айтарлықтай көбейіп, жылу энергетикасы саласына жаңа серпін бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмысшы #Сұңғат Есімханов #Энергия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);