Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы қатты қымбатт...

Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы қатты қымбаттайды - болжам

Әлеумет 04.12.2021, 13:20 1,489
Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасы қатты қымбаттайды - болжам
Cурет: Egemen.kz

Бағаның өсуіне БЗЖҚ-дағы жинақ салымы «жеткілікті шегінің» өзгеруі әсер етеді


Жақын аралықта еліміздегі баспана бағасы 10-15% қымбаттайды. Бұл туралы Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының басшысы Ермек Мүсірепов LS-ге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оның айтуынша, баспана бағасының бірден өсуіне 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЗЖҚ-дағы жинақ салымы «жеткілікті шегінің» өзгеруі әсер етеді.



«Жаңа шектің енгізілуіне 27 күн қалды. Осы күндері біз зейнетақы бағдарламасына қатысып жатқандардың үлкен дүрбелеңі орын алады. Олардың көбі зейнетақы қорындағы қаржысын алуды келесі жылға шегеріп отырғандар. Қор «жеткілікті шекті» бұлай бірден көтеріп жібереді деп ешкім ойламады. Осыған байланысты бастапқы және қайталама тұрғын үйлердің иелері баға бойынша алыпсатарлық жасайды, соның салдарынан баспана бағасы 10-15%-ға өседі»,-дейді Мүсірепов.



Сарапшының айтуынша, баспана бойынша дүрбелең еліміздің барлық аймағында орын алады.



«Адамдар жылжымайтын мүлікті алып, оны пайдаланатын болады. Олар баспанаға жету үшін жылдарды күтіп отырмайды, өйткені ертең не болатынын ешкім білмейді. Тұрғындар мегаполистен баспана ала алмаса, бағасы төмен өзге аймақтардан ала бастайды»,-деді ол.



Мүсіреповтың айтуынша, үй бағасы келесі жылдың көктеміне қарай бірақ тұрақтауы мүмкін. Өйткені ол кезде зейнетақы қорындағы қаражат жылжымайтын мүлікке әсер етуін қояды. Сондай-ақ, қордағы қаражатын пайдалана алатын адамдар саны да азаяды.


Дегенмен, көктемде жаңа тренд пайда болуы да мүмкін, бұл шаршы метрдің құнына да әсер етеді.



«Инфляцияға байланысты халықтың ипотека алуға ақшасы жетпей қалуы мүмкін. Олар несиеден шаршағандықтан және кірістер азайып бара жатқандықтан бұл пәтерлерді нарыққа ұсына бастайды»,-деген болжам жасады Мүсірепов.



Оның айтуынша, Қазақстанның жылжымайтын нарығын дәл болжау мүмкін емес, өте тез өзгеріп отырады. Мемлекет тарапынан қолға алынған жаңа бастаманың барлығы жылжымайтын мүлік бағасына әсер етіп отырады. Пандемия мен карантин шаралары алдымен жылжымайтын мүлік нарығын құлдыратқан, кейін қалыпына келтіріп, енді қайта құлдыратуы мүмкін.



«Баға саясаты осылай болады, әзірге жылжымайтын мүлік нарығында тұрақтылық жоқ, бірақ одан үміттіміз»,-деді ол. 



Айта кетсек, елімізде 2022 жылдан бастап зейнетақы қорындағы алуға болатын жинақтың «жеткілікті шегі» көтеріледі. 


БЗЖҚ-ның мәліметі бойынша,  2021 жылдың 25 қарашасына дейін 516,7 мың адам зейнетақы жинағындағы қаржысын баспана алуға жұмсаған. Олардың шотына 2 трлн теңгеден астам қаржы аударылған. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 3,9 млн теңге болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #Жылжымайтын мүлік #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Кеше 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Кеше 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Кеше 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Кеше 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Кеше 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика