AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жолаушылар тасымалдайтын автобустар ме...

Қазақстанда жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен таксилер тексеріледі – ҚР ІІМ

Әлеумет 19.07.2022, 08:12 1,095
Қазақстанда жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен таксилер тексеріледі – ҚР ІІМ
Сурет: Egemen.kz

Каникул мен жол қозғалысының жиілеуіне байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығын өткізеді.


Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұраталиев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Тек өткен демалыс күндері 80-нен астам жол-көлік оқиғасы болып, 20-дан астам адам қаза тапты. Яғни, жол жағдайын ескеріп, еліміздегі жолдарда адамдардың қаза болуы, жарақат алуы, мүгедек болып қалуы салдарынан Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығын өткізуді ұйғарды. Жол-патрульдік қызметтің барлық экипаждары осы шараны өткізуге барынша жұмылдырылған. Бірінші кезекте жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын көлік құралдары тексеріледі. Яғни, автобустар, микроавтобустар, минивэндер, такси жүргізушілері. Осы жол апаттарын талдау нәтижесінде көргеніміздей, мысалы, бес орын қарастырылған жеңіл автокөлікте – жеті-сегіз адам, бес ересек және екі-үш бала қаза тапқан», - деді Жандос Мұратәлиев Ішкі істер министрлігінің онлайн брифингінде.



Оның айтуынша, жол-патруль полициясының түнгі уақыттағы жұмысы күшейтілген, себебі жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі қараңғы түскенде жиілейді.


Сондай-ақ, демалыс кезінде автокөлік жолдарында қозғалыс көбейеді. Қызметкерлер түрлі себептер бойынша автокөліктерді тоқтатқанда жүргізушілердің, әсіресе, түнгі уақытта мұқият болуы үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.


Сонымен бірге, Ж. Мұратәлиев бірқатар жол апатын тексергенде тежегіш ізінің жоқтығы анықталғанын, бұл жүргізушілердің көлікте ұйықтап кеткенін білдіретінін айтты. Осы себепті соңғы уақытта 8 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алған.


Сондықтан, көлікті тоқтатқан полиция қызметкерлері жүргізушінің жай-күйіне – сапарды жалғастыра алатынына, көліктің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне, жолаушылар санына және басқа да мәселелерге назар аударады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жолаушылар тасымалы #автобус #тексеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);