AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру...

Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемін алу жеңілдетіледі

Әлеумет 11.02.2022, 08:35 1,494
Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемін алу жеңілдетіледі
Сурет: Rspectr.com

Елімізде жеңіл жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемін алу үшін құжаттарды ресімдеуге мүмкіндік беретін Еурохаттама қабылдау жоспарлануда


Қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің мәліметінше, Еурохаттама сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі болып есептеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Ол, әсіресе, Еуропа елдерінің көпшілігінде және Ресей, Беларусь, Украина, Армения, Өзбекстан сияқты бірқатар ТМД елдерінде ұсынылған.



- Бүгінде жолдарда көптеген ұсақ жол-көлік оқиғасы болады. Оның көбісінде адам зардап шегіп, мүлікке зиян келмейді. Бірақ сақтандыру төлемін алу үшін жүргізушілер жол полициясы қызметкерлерін шақырып, хаттама толтырып, сот шешімін күтеді. Бұл процесс екі айға дейін созылады. Сақтандыру нарығын дамыту туралы заң жобасын қарау барысында Мәжіліс депутаттары жеңіл жазатайым оқиғалар кезінде сақтандыру төлемдерін алу тәртібін жол полициясы қызметкерлерінің қатысуынсыз Еурохаттама негізінде оңайлату мәселесін көтерді, – делінген хабарламада.



Агенттік мәліметінше, бұл процедура жазатайым оқиғаны тіркеу және зардап шеккендердің сақтандыру төлемдерін алу уақытын айтарлықтай қысқартады.


Еурохаттама мынадай шарттарда қолданылуы мүмкін:



  • жол-көлік оқиғасы екі көліктің соқтығысуы нәтижесінде болса;

  • жол-көлік оқиғасы нәтижесінде көлік құралдарына ғана зиян келсе (өмірі мен денсаулығына зиян келген жәбірленушілер болмаған, үшінші тұлғалар мүлкіне зиян келтірілмеген жағдайда);

  • ЖҚО-ға ұшыраған екі жүргізушінің де сақтандыру полисінің болуы;

  • ЖКО-ға қатысушылар арасында кім кінәлі деген мәселеде келіспеушіліктердің болмауы;

  • ЖКО-ны тіркеу сот шешімінсіз және ішкі істер органдары қызметкерлерінсіз жүргізілсе;

  • сақтандыру төлемі бір сақтандыру жағдайы бойынша 100 АЕК (2022 жылы 306 мың теңге) шегінде жүзеге асырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сақтандыру #төлем #еурохаттама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бейсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);