AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда жазғы мектептерде 2 млн-ға жуық бала о...

Қазақстанда жазғы мектептерде 2 млн-ға жуық бала оқуын жалғастырып жатыр

Білім және ғылым 30.05.2022, 12:41 1,950 Almaty-akshamy
Қазақстанда жазғы мектептерде 2 млн-ға жуық бала оқуын жалғастырып жатыр
Cурет: Egemen.kz

Елімізде 26 мамырда жазғы мектептің жұмысы басталды


Жазғы мектептің жұмысы 2022 жылғы 17 маусымға дейін жалғасады. Бүгінгі таңда 2 миллионға жуық бала осы мүмкіндікті пайдаланып, білімдерін шыңдап жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олардың барлығы уақытты тиімді өткізіп, ыңғайлы кесте мен қызықты форматта оқиды. Жазғы мектептер емтихан тапсыратын 9-11 сынып оқушыларынан басқа, барлық оқушылар үшін ұйымдастырылғанын айта кету керек. Оқушылар сабаққа дүйсенбіден жұмаға дейін қатысады. Оқу, математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, физика, химия және т.б. сияқты негізгі пәндер бойынша өтеді.



«Жазғы мектептегі сабақтар сыныптағы оқушылар санына қарамастан өтеді. Бұл балалар үшін жақсы мүмкіндік. Себебі әр оқушы біліміндегі олқылықтардың орнын толтырып, жаңа білім алады. Оқу ыңғайлы кесте бойынша қызықты форматта өтеді. Мысалы, сабақтар музейлерде, таза ауада өткізіліп, әртүрлі экскурсиялар ұйымдастырылады. Жазда балалар уақытын телефон ойындарын ойнап өткізетінін білеміз. Әрине, егер мүмкіндік берілсе, ата-аналар балаларға уақытты кітап оқуға немесе білім алуға жұмсағаны дұрыс екенін түсіндергені абзал. Балалардың жазғы мектептегі оқуға қызығушылығын, ынтасын арттыру үшін мұғалімдер баға қойып, үй тапсырмасын бермейді. Ал мектеп әкімшілігі мен ұстаздары жазда оқу барынша қызықты әрі танымды өтуі үшін барлық жағдайды жасауы керек. Қазірдің өзінде ата-аналар жақсы пікірлерін айтып жатыр», - дейді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова. 



Жазғы мектеп аяқталғаннан кейін мұғалімдер жыл сайынғы демалысқа шығады, ол 42 күннен 56 күнге дейін ұзартылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жазғы мектеп #оқушылар #мектеп #баға #сынып
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);