AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда жас ғалымдардың саны артты

Қазақстанда жас ғалымдардың саны артты

Білім және ғылым 31.01.2022, 06:14 1,825
Қазақстанда жас ғалымдардың саны артты
Сурет: Elorda.info

Ғылым саласын бюджеттен қаржыландыру соңғы екі жылда 2 есеге жуық өсті


2018 жылы ғалымдар саны 8 мыңнан астам болса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ғылым саласында 9 200 жас қызметкер еңбек етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Жастардың ғылым саласына келуі оларды қызықтыратын жағдай жасалып жатқанын білдіреді. Жас зерттеушілерді қолдау үшін мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында ғалымдар саны артты. Ғылым саласын бюджеттен қаржыландыру соңғы екі жылда 2 есеге жуық өсті. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылды. Егер бұрын гранттар конкурсы 3-5 жылда бір рет өткізілетін болса, қазір олар жыл сайын өткізіледі. Есеп беру азайды, бюрократиялық кедергілер жойылды. Жас ғалымдар үшін жеке гранттар қарастырылған. Магистранттар мен докторанттардың стипендиялары айтарлықтай өсті. Жас зерттеушілерге арнайы сыйлықтар тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді. Осылайша, жас ғалымдардың ғылыми идеялары мен әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр», – деп атап өтті ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева.



Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) ғылыми қызметкері Руслан Әбітаев – отандық «QazVac» вакцинасын әзірлеуге қатысқан жас ғалымдардың бірі. Ол бақылау, биологиялық технологиялар зертханасында жұмыс істейді және вакциналардың қауіпсіздігі мен иммуногенділігін тексереді. Руслан 28 жаста және ол жас ғалымдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың айтарлықтай артқанын атап өтті.



«Анам – мұғалім, мектепте биологиядан сабақ береді. Ол әрдайым ғылым туралы қызығушылықпен айтатын, мені зертханаға ертіп апарып, микроскоптарды көрсетті. Бұл бағыт маған өте қызық болды. 9-сыныпта биологиялық қауіпсіздік мәселелері институты туралы естідім. Сол кезде мен ғылыммен айналысып, БҚПҒЗИ-да жұмыс істейтін боламын деп шештім. ҚазҰУ-да оқып жүрген кезімде жыл сайын институтта зерттеу тәжірибесінен өттім, ал ЖОО-ны бітіргеннен кейін мені осында жұмысқа қабылдады. Мен жас ғалым ретінде мемлекет тарапынан үлкен қолдауды сезінемін. Бес жыл бұрын қызмет жолын БҚПҒЗИ-да зертханашы ретінде бастаған едім, қазір ғылыми қызметкермін, осы уақыт ішінде жалақым айтарлықтай өсті. Халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи жабдықтармен жабдықталған биофармацевтикалық зауыт салынғанын білесіздер. Сонымен қатар институттың жас қызметкері ретінде мен жаңа үш бөлмелі пәтердің кілтін алдым. Біздің елімізде ғылыми қызметпен айналысу үшін өте жақсы жағдайлар жасалып жатыр, сондықтан да қазір біздің қатарымыздың айтарлықтай көбейіп жатқанына қуаныштымын», – деп атап өтті ғалым Руслан Әбітаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым #ғалым #жас зерттеушілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);