AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда жаңа әуежай салынады

Қазақстанда жаңа әуежай салынады

Әлеумет 17.09.2024, 11:26 1,705
Қазақстанда жаңа әуежай салынады
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Әуежай «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында салынады.

Құжатты Қазақстанға Германия канцлерінің ресми сапары барысында ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен SKYHANSA басқарушы серіктесі Юрген Грецбах қол қойды.

Қазақстан-неміс бірлескен жобасы үш кезеңде жүзеге асырылады деп күтілуде. Жалпы, жобаға 500 миллион доллардан астам жекеменшік инвестиция салынып, 300-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылмақ.

«Жоба әуежай инфрақұрылымын үш кезеңде салуды, сағатына 500 адамға дейін қабылдай алатын жолаушылар терминалын, жылына 550 000 тонна отын сақтауға арналған қойманы, жылына 250 000 тоннаға дейін жүк өңдеуге арналған жүк терминалын салуды көздейді», – деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Халықаралық әуежай салумен қатар, жоба әуе кемелерін жөндеуге арналған авиациялық-техникалық орталықты құруды, сондай-ақ туристік және сауда-ойын-сауық қызметтерін дамытуды қамтиды.

Қазіргі уақытта Жетісу облысының әкімдігі әуежай құрылысына жер бөліп қойған. Инвестициялық келісім жасалғаннан кейін, инвестор жобаға кіріседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #әуежай #қорғас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Досхан Жолжақсыновты мерейтойымен құттықтады

Кеше 16:41

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады

Кеше 16:31

Қырғызстан қант импортына алты айға тыйым салынады

Кеше 16:12

Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады?

Кеше 15:06

3,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Кеше 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);