Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда жалпы құны $1,6 млрд болатын жобалар б...

Қазақстанда жалпы құны $1,6 млрд болатын жобалар бойынша жаңа келісімшарттарға қол қойды

Экономика 19.11.2023, 04:57 1,439
Қазақстанда жалпы құны $1,6 млрд болатын жобалар бойынша жаңа келісімшарттарға қол қойды
primeminister.kz

Pfizer, Çalık Holding, Alarko Holding және басқа да шетелдік компаниялар Қазақстанда жалпы құны $1,6 млрд болатын жобалар бойынша жаңа келісімшарттарға қол қойды



VI Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR) аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен үздік шетелдік инвесторларды марапаттау және Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыру бойынша келісімшарттарға қол қою рәсімдері өтті, деп хабарлайыд almaty-akshamy.kz


Биыл үздік инвесторлар денсаулық сақтау, білім беру, энергетика, ауыл шаруашылығы және т.б. сияқты экономика салаларында 10 номинация бойынша марапатталды.


Оның ішінде, Knauf Group (ұзақмерзімді әріптестік), Wabtec Corporation (инвестициялық белсенділік), Eni S.p.A. (тұрақты даму), Honeywell (инновациялық өндіріс), Coca Cola Içecek Kazakhstan (әлеуметтік жауапкершілік) компаниялары атап өтілді.


Бұдан басқа, салалық марапаттар «Aitas KZ» АҚ өкілдеріне – АӨК әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін, «Ordamed» АҚ – денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін,«Нобел АФФ» АҚ – фармацевтика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, Alarko Holding – инфрақұрылымдық дамуға қосқан үлесі үшін және «Alageum Electric» АҚ-ға адами капиталдың дамуына қосқан үлесі үшін табысталды.


KGIR-2023 алаңдарында Премьер-Министрдің қатысуымен АӨК, ТМК, денсаулық сақтау, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, білім беру, құрылыс қоспалары мен химиялық өнімдер өндірісі сияқты экономика салаларында $1,6 млрд сомасына 26 меморандум мен коммерциялық құжаттарға қол қойылды.



Осылайша, Pfizer компаниясы Қазақстанда Prevenar 20 инновациялық пневмококк инфекциясына қарсы екпе өндірісін жолға қояды. Çalık Holding компаниясы Қостанай облысында бұршақ дақылдарын қайта өңдеу зауытын салады. Alarko Holding бизнес-конгломераты Шымкент әкімдігімен жылыжай салу туралы келісім бекітті. Lasselsberger group құрылыс желімі мен құрғақ қоспалар өндірісі кешенін салады. Roche түпнұсқа биотехнологиялық дәрі-дәрмектерді локализациялауды жоспарлап отыр. Işıklar Packaging крафт-қағазын өндіру зауытын салады. Alstom ҚР-да вагон жөндеу депосы мен электровоздарға қызмет көрсету бойынша бас сервистік орталық ашады.



Pfizer, Çalık Holding, Alarko Holding және басқа да шетелдік компаниялар Қазақстанда жалпы құны $1,6 млрд болатын жобалар бойынша жаңа келісімшарттарға қол қойды


Анықтама: KGIR (Kazakhstan Global Investment Roundtable) форумына жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары, қаржы секторының өкілдері, саясаткерлер мен сарапшылар жиналады. Биылғы іс-шараға Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Канада, Қатар, Қытай, БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, Чехия және басқа да бірқатар ел өкілдері келді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #инвестиция #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Ұлттық ұлан сарбазы 100-ге жуық күйді жатқа біледі

Бүгін 16:54

Алматыда Шаңырақ күніне орай инклюзивті отбасылық эстафеталар өтеді

Бүгін 16:50

Референдум ұйымдасқан түрде, тыныш және құқықтық алаңда өтті – тәуелсіз байқаушылар

Бүгін 16:46

«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді

Бүгін 16:38

Ресей ОСК өкілі: Дауыс беруге барлық мүмкіндік толық қамтамасыз етілді

Бүгін 16:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика