Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ЮНЕСКО аясындағы өңірлік гляциология о...

Қазақстанда ЮНЕСКО аясындағы өңірлік гляциология орталығының мәртебесі қайта жалғастырылады

Әлеумет 09.01.2025, 17:26 973
Қазақстанда ЮНЕСКО аясындағы өңірлік гляциология орталығының мәртебесі қайта жалғастырылады
cargc.org

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстанда ЮНЕСКО аясындағы 2-санатты орталық ретінде Орталық Азия өңірлік гляциология орталығының мәртебесін қайта жалғастыру туралы келісімге қол қою туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ЮНЕСКО аясындағы өңірлік гляциологиялық орталықтың қызметі қайта жаңартылады. Президент 2024 жылғы 12 сәуірде өткен Ұлттық ғылым және технологиялар кеңесінің отырысында бұл орталықтың климаттық өзгерістерді зерттеудегі маңызды рөлін атап өтті.

«2020 жылы Алматыда ЮНЕСКО шешімімен құрылған өңірлік гляциологиялық орталық климаттық өзгерістерді зерттеуге үлкен үлес қосып отыр. Біздің ғалымдар мұздықтардың еруін зерттеп қана қоймай, сел тасқындары мен мұздықтар көлдерінің жарылуынан болатын қауіптерді төмендету жолдарын іздеуде. Гляциологиялық орталықтың әлеуетін толыққанды пайдалану қажет. Үкімет тарапынан орталықты ғимаратымен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатыр. Бірақ келісімнің мерзімі аяқталатындықтан, оны ұзарту қажет», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ЮНЕСКО аясындағы Орталық Азия өңірлік гляциология орталығы (әрі қарай – Орталық) 2020 жылы құрылған және әлемдегі ЮНЕСКО аясындағы жалғыз гляциологиялық орталық болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

  • Гляциология мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.
  • Орталық Азиядағы мұздықтардың, қар жамылғысының және мәңгі мұздың жағдайын бақылау.
  • Түрлі ұйымдар арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету.
  • Аймақтық зерттеу бағдарламаларын енгізу және дамыту.
  • Су қауіпсіздігі мәселелерінің гляциологиялық аспектілерін әзірлеу.

Бұл Орталық ЮНЕСКО бағдарламаларын жүзеге асыруға көмектесіп, мүше мемлекеттердің техникалық сараптамасын және тәжірибесін біріктіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аймақтық желілер құруға қолдау көрсетіп, ресурс орталығы ретінде қызмет атқарады.

Келісімге қол қою Орталыққа Қазақстан үшін аса маңызды тау мұздықтарының жүйелеріне жедел мониторинг жүргізуге, трансшекаралық бассейндердегі мұздықтардың алаңдары мен көлемдерін бағалауға, олардың өзгеру тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл елдің су ресурстарын басқару шешімдеріне негіз болады және Қазақстанның су қауіпсіздігімен тікелей байланысты.

Келісім Орталықты басқарудың корпоративтік принциптерін және оның тиімді ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бұл Орталықты ЮНЕСКО, Халықаралық су ұйымдары және басқа да ұйымдардың іс-шараларына белсене қатыстыруға мүмкіндік береді.

Келісімге 2025 жылы қол қойылады. Бұл жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан «Халықаралық мұздықтарды сақтау жылы» деп жарияланған. Келісім Қазақстанға мұздықтарды сақтау жылы мен «Криосфера ғылымдарын қолдауға арналған іс-әрекеттер онжылдығы» (2025–2034 жж.) аясында маңызды шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2026 жылы Қазақстанда БҰҰ қарамағындағы өңірлік климаттық саммитті сәтті өткізуге жағдай жасайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЮНЕСКО #білім #Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34

Алматыда қазақ жазушылары марапатталды

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика