AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда IT мамандардың қанша жалақы алатыны ай...

Қазақстанда IT мамандардың қанша жалақы алатыны айтылды

Әлеумет 02.12.2022, 11:39 2,362
Қазақстанда IT мамандардың қанша жалақы алатыны айтылды
Сурет: Fishki.net

Орташа есеппен 567 мың теңге жалақы алады.


Қазір елімізде 69,5 мың IT маманы еңбектеніп жатыр. Олардың 21%-ы бірнеше компанияда жұмыс істейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарушы директоры Александра Молчановская отандық IT мамандарына қатысты соңғы дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгінде елімізде IT маманы орташа есеппен 567 мың теңге жалақы алады. Ал, бағдарлама жасақтаушылар айына 1,5 млн теңгеден астам табыс табады. Дерек көзі көрсетіп отырғандай, кейбір компаниялар IT мамандарды уақытша жалдайды, яғни нақты бір жобаны жасауға шақырады. Отандық IT саласына біз ауқымды талдау жүргіздік. Елімізде және шетелде аталған мамандыққа сұраныс жоғары. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, жыл сайын елімізге 30 мыңға жуық IT маманы қажет», - деді Александра Молчановская «Қазақстанның еңбек нарығы туралы екінші ұлттық баяндама», - делінген онлайн-конференцияда.



Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 69,5 мың IT маманы 84 мың электронды еңбек шарты бойынша жұмыс істеп жатыр. Демек, отандық IT мамандардың 21 пайызы бірнеше жерде еңбектенеді.



«Электронды еңбек биржасы базасында кейінгі 2 жылда 16 мыңнан астам бос жұмыс орны және 17 мыңнан астам түйіндеме жүктелді. Жұмыс берушілер тарапынан бағдарлама жасақтаушы маманға сұраныс жоғары. Сарапшылардың айтуынша, елімізде IT мамандарының жетіспеушілігі олардың деңгейі және тәжірибесіне байланысты. Сол сияқты тәжірибе көрсеткендей, IT мамандар жұмыс іздеп аса қиналмайды, жұмыс берушілер оларды өздері іздеп тауып жатады», - дейді ол.



Еңбек ресурстарын дамыту орталығы директорының дерегінше, Қазақстанда IT мамандардың дені мегаполистерде еңбектенеді. Ал салаға келсек, алдымен ақпарат және байланыс, екінші сауда, үшінші кезекте қаржы және сақтандыру саласын қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#маман #жалақы #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала күні: «Әнім сенсің, Алматы!» атты мерекелік концерті өтті

Бүгін 20:06

ҮШІНШІ АЛТЫН! ЖОЛАМАН БИГАБЫЛ КАРАТЭДЕН АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Бүгін 17:46

ALMA-FEST CIRCUS – Алматы күніне арналған үш күндік цирк мерекесі

Бүгін 17:42

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ҚАЗАҚСТАНҒА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЕКІНШІ АЛТЫНЫН ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:30

РИНАТА СҰЛТАНОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРЫС КҮНІ ҚАЗАҚСТАНҒА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬДІ ӘКЕЛДІ

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);