Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда инфляция қарқын алып, бір айда 15% жет...

Қазақстанда инфляция қарқын алып, бір айда 15% жетті

Әлеумет 16.08.2022, 16:00 1,229
Қазақстанда инфляция қарқын алып, бір айда 15% жетті
Сурет: Inform.kz

Инфляцияның едәуір қарқыны Атырау облысында сезілді


Шілде айында елде жылдық инфляция қарқын алып, 15,0%-ды (маусымда – 14,5%) құрады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.


Аймақтар арасында жылдық инфляция 16 өңірде жеделдеп, 3 облыста бәсеңдеді, 1 өңірде өзгеріс болған жоқ.


Инфляцияның едәуір қарқыны Атырау облысында сезілді (маусымдағы 14,1%-дан шілдеде 16,0%-ға дейін).


Азық-түлік бағасының өсу қарқыны шілдеде 19,7% ж/ж дейін ұлғайды (маусымда – 19,2%). Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында барынша өсті (24,0%).


Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 14,2%-ға дейін жеделдеді (маусымда – 13,2%). Ең жоғары мән Нұр-Сұлтан қаласы мен Ұлытау облысында (18,5%-дан), ал ең төменгі мән Алматы қаласында (12,3%) тіркелді.


Ақылы қызмет көрсету бағасы шілдеде ж/ж мәнін 9,2% деңгейінде сақтады, бұл ретте жалпы республикалық деңгейден баға едәуір жоғары болған Түркістан (11,4%), Ақтөбе және Жамбыл облыстарында (6,7%-дан) біршама төмен өсті.


2022 жылғы шілдеде елдегі айлық инфляция 1,1%-ды құрады, бұл соңғы 5 жылда шілдедегі инфляцияның орташа мәнінен едәуір жоғары (2017-2021 жылдары: 0,3%).


Барлық өңірде 2022 жылғы шілдеде баға орташа тарихи нормадан жоғары өсті. Айлық инфляцияның анағұрлым қарқыны Атырау облысында байқалды (2,1%).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфляция #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар 12 алтын медаль алды

Бүгін 18:30

2027 жылы қазақстандық оқушылар жаңа тест тапсырады

Бүгін 17:50

Қазақстанда «Мейірімділік апталығы» басталды

Бүгін 17:23

«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімұлының есімі беріліп, «Үздік логотип» байқауы жарияланды

Бүгін 16:45

Алматы әкімдігінде тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту бағдарламасы егжей-тегжейі таныстырылды

Бүгін 16:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика