1 маусымның қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы аясында тақырыптық онкүндік өткізілді. Елдің ең ірі қаласында күнсайын 100 000-нан астам бала мен жасөспірім, сондай-ақ 10 000-нан аса ересек: педагогтер, мұғалімдер және т.б. іс-шараларға белсене қатысты.
22 мамырдағы акциялар «Әкем – тірегім, анам– жүрегім!» ұранымен өтті және отбасылық қарым-қатынасты нығайту, саналы әрі жауапты ата-аналықты қалыптастыру мәселелеріне арналды. Ата-аналар мен балаларды жақындастыруға бағытталған түрлі жарыстар, турнирлер, дәрістер, интерактивті сабақтар, би флешмобтары, суретбайқаулары ұйымдастырылды.
23 мамыр «Полиция – балалардың қорғаны» күні ретінде белгіленді. Бұл күні құқық қорғауоргандары қызметкерлерінің қатысуымен балаларғақауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық нормалармен тәртіп ережелерін түсіндіру мақсатындақұқықтық ақпарат беру жұмыстары жүргізілді. Ел бойынша «Маршрут», «Қауіпсіз аула», «Қауіпсізкіреберіс» атты профилактикалық акцияларөткізілді.
Сонымен қатар Алматы қаласында «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» атты жалпықалалықата-аналар жиналысы өтті. Іс-шараға Төтеншежағдайлар департаменті, жол-патрульдік жәнеювеналды полиция қызметкерлері, сондай-ақпсихологиялық қолдау орталығының мамандарықатысты.
– Біз оқушыларға заңды сақтау – бұл құрғақтеория емес, өзіңнің қауіпсіздігіңді қамтамасызетудің, айналаңдағы адамдарға құрметпен қараудыңжәне үйлесімді қоғам құрудың нақты жолы екенінкөрсеткіміз келеді, – деді кәмелетке толмағандарістері жөніндегі учаскелік инспектор, полиция майоры Айгерім Бейсекова.
26 мамыр күні «Дәрігер – балалардыңжанашыры» атауымен медициналық орталықтарда, емханаларда, стоматологияларда көшпеліқабылдаулар мен дәрігерлердің тегін кеңестеріұйымдастырылды. «Денсаулығыңды тексер» акциясы өткізіліп, қатысушыларға денсаулықсертификаттары табысталды. Сонымен қатар, балалар мен ата-аналарға арналған салауатты өмірсалтын насихаттау мен аурулардың алдын алубойынша ағартушылық іс-шаралар, шеберліксабақтары өтті.
Бұдан бөлек, танымал спортшылардыңқатысуымен жаппай таңғы жаттығулар мен спорттық жаттығулар ұйымдастырылды. Мысалы, №6 мектеп-гимназиясының аумағында таңғыжаттығуды алматылық «Қайрат» командасыныңжәне Қазақстан футзал құрамасының бұрынғыойыншысы Серік Жаманқұлов өткізді.
27 мамыр – «Балалар үні» күні #МеніңДауысым атты челлендж өтті – бұл балалардыңвидеоүндеулер сериясы. Қатысушылар қысқабейнероликтер немесе фотопосттар форматындакелесі сұрақтарға жауап берді:
– Мектебіңде, қалаңда немесе еліңде нені өзгерткің келеді?
– Сен үшін «тыңдалу» деген не?
– Қазақстандағы балалардың болашағын қалай елестетесің?
– Арманыңдағы мектепті суреттеп бер немесесалып көрсет.
Сол күні қаланың барлық кітапханаларындаАшық есік күндері өтті. Көркем балаларәдебиетінің туындыларына арналған кітапкөрмелері, жәрмеңкелер мен сату-шараларұйымдастырылып, костюмді әдеби кештер, қойылымдар мен фестивальдер өткізілді.
28 мамыр – «Кибер Тұмар» күні цифрлықтехнологияларды ілгерілету, оларды өмірдің түрлісалаларына ықпалдастыру және балалардыцифрлық ортада қорғау мәселелеріне арналды. Технопарктерде, IT-хабтарда және қоғамдықкеңістіктерде цифрлық көшбасшылардыңқатысуымен интерактивті іс-шаралар, балалардыңинтернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жәнецифрлық сауаттылықты арттыруға арналғантақырыптық сессиялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Ата-аналық бақылау: құралдармен кеңестер» атты ағартушылық акциялар мен «Цифрлық мамандықтар қаласы» атты эстафеталарөтті.
Қаланың бірқатар білім беру мекемелерінде өзмедиастудиялары ашылды, мысалы, №174 гимназияда.
– Студия кәсіби техникамен жабдықталған: бейнекамералар, дрон, аудио құрылғылар жәнеқажетті бағдарламалық қамтамасыз ету бар. Балалар ойлап үйреніп, талдау жасап, өз пікірінсенімді түрде білдіре алуы тиіс. Бүгінде олардыңәрқайсысы – қоғамдағы пікірталастың толыққандықатысушысы, жай ғана тыңдаушы емес, – деп атапөтті Наурызбай ауданының білім бөлімі басшысыСалтанат Құсайынова.
29 мамыр күні «Балалардың қауіпсіздігі – бастыназарда» тақырыбындағы іс-шаралар балалар мен ата-аналардың үйде, мектепте, көшеде, демалыскезінде және онлайн кеңістікте қауіпсіздіктіқамтамасыз ету бойынша хабардарлығынарттыруға бағытталды. Мақсат – әртүрліжағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларынқалыптастыру.
Ел бойынша алғашқы медициналық көмеккөрсету, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттержәне т.б. бойынша оқыту шеберлік сабақтары, оқу-жаттығу сабақтары, «Шекарасыз қауіпсіздік» аттыспорттық-ойын эстафеталары, «Жас құтқарушы» аумақтық слеттері, мұражайларға, өрт сөндірубөлімшелеріне, өрт-техникалық орталықтарға жәнеқұтқару станцияларына экскурсияларұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Алматы қалалық ТЖД бастамасымен №83 гимназияда «Балалардыңкөзімен – құтқарушылар мен өрт сөндірушілер» атты сурет байқауы өтті.
30 мамыр күні балалардың жағдайына, сондай-ақ олардың өмір сүру сапасын жақсарту мен құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалықбастамаларға арналған брифингтер өтті. Атапайтқанда, «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсетуорталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларғаарналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында балалар өз қабілеттері мен таланттарынкөрсету мүмкіндігіне ие болды.
Барлық іс-шаралар балалардың дамуынақолайлы жағдай жасауға, олардың қауіпсіздігінқамтамасыз етуге және әлеуметтік бейімделуінебағытталды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орайАлматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды BALA FEST және JARYQ SKILL FEST фестивальдеріне(Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметоваатындағы саябақта) қатысты. Фестиваль аясындағыіс-шараларға 5 000-нан астам қала балаларықатысып, әрқайсысы үшін бұл күн жаңалықтар мен шабытқа, шығармашылық пен өзін-өзі танытуғатолы ерекше ортаға айналды.
Фестиваль JARYQ бес тақырыптық станция форматында өтті, олардың әрқайсысы баланыңдамуының маңызды қырын қамтиды: Jastar – технологиялар мен инновациялар, Arman – арманмен қиял әлемі, Rukh – мәдениет пен тарих, Yntalyq– шығармашылық пен өнер, Qabilet – кәсіби бағдаржәне түрлі мамандықтармен танысу.
Фестивальдің басты мақсаттарының бірі – оқытуды ойын және қызықты әрекет түріндеұсынатын edutainment форматын енгізу болды. Бұлтәсіл балалар үшін білім алуды пайдалы ғана емес, сондай-ақ шын мәнінде тартымды үдеріскеайналдырады. Кәсіби бағдар мен Жұмысшымамандықтар жылына арналған Qabilet станциясыерекше әсер қалдырды – мұнда балалар түрлімамандықтар туралы тек біліп қана қоймай, нақтытапсырмаларды орындай отырып, еңбекдағдыларын да меңгерді. Бұл – бала жасынанеңбекті қадірлеу мен әр мамандықтың құндылығынтүсінуге бағытталған маңызды қадам.
– Біз жаңа ұрпақты – саналы, талантты әрі жауапты жастарды қалыптастыратын бастамаларды қолдауды жалғастырамыз. Алматы – балалар өзкүшіне сеніп, армандарына сеніммен қадамбасатын қала. Біз жайлы орта ғана емес, әр бала өзарманын маңызды, ал мүмкіндіктерін шынайы депсезінетін болашақты қалыптастырып жатырмыз, – деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.
Фестивальдің шынайы жүрегіне қаладағы шығармашылық орталықтар, Оқушылар сарайы мен музыка мектептерінің балалары айналған аймақтар айналды. Олар ұйымдастырған шеберліксабақтары, перформанстар мен креативтізертханалар мыңдаған баланы шабыттандырып, іс-шара кеңістігін мазмұнмен толтырды.
1 маусым күні қаланың барлық аудандарында түрлі белсенділіктер өтті: Түрксіб ауданындағы №6 Оқушылар үйі алдында интерактивті викториналар ұйымдастырылса, Бірінші Президент саябағында өткен концертте отандық орындаушылар балаларға өнер көрсетті, ал Family Park-та анимациялық фильмдер көрсетілді.
Жалпы, «Қазақстан балалары» жобасы аясында Алматы қаласында 4000-нан астам түрлі іс-шара өткізілді.