конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанда ғылымға бейім балаларды іріктейтін жүй...

Қазақстанда ғылымға бейім балаларды іріктейтін жүйе пайда болады

Білім және ғылым 25.08.2022, 14:31 1,264 Almaty-akshamy
Қазақстанда ғылымға бейім балаларды іріктейтін жүйе пайда болады
сурет: 24.kz

Адами капитал


Елімізде ғылымға қабілетті балалардың талантын ашуға арналған бағдарлама әзірлеу тапсырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.



«Отандық жоғары мектеп пен ғылымның бірге дамуы мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілегін арттырып, ел экономикасының қарыштап өсуіне ықпал етуі тиіс. Бұл біздің алдымызға қойылған басты міндет. Бұл міндетті іске асыруда біліктілігі жоғары мамандар даярлаудың маңызы үлкен. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, заманауи 4-ші деңгейлі индустрияны дамыту 68% сапалы адами капиталға байланысты. Сонымен қатар 16%-ы инфрақұрылымға және 12%-ы ғана шикізатқа тәуелді», - деді Ералы Тоғжанов «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» атты ғылым және жоғары білім форумында.



Оның айтуынша, Үкімет ел экономикасына қажетті мамандарды даярлау бағытында кешенді шараны іске асырып жатыр.



«Ғылыммен айналысатын кадрларды тиімді молайту үшін ғылыми қызметке бейім балаларды іріктеудің үздіксіз көп деңгейлі жүйесін әзірлеуді тапсырамын. Таланттарды іріктеудің мұндай жүйесі өнер саласында бұрыннан сәтті қолданылып келеді. Болашақ әнші, балет әртістерін, режиссерлерді, музыканттарды баулу орта мектепте басталып, мамандандырылған колледждер мен университеттерде жалғасын табады. Әлеуетті ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыру үшін таланттарды, олардың жұмысын зерттеу қажет», - дейді ол.



Сондай-ақ, Е. Тоғжанов дарынды отандық және шетелден тартылатын ғалымдардың ақпараттық базасын құру қажеттігі туралы айтты.
Бұған дейін биыл СҚО-да түлектердің 64% отандық оқу орындарын таңдағаны туралы хабарлаған едік. ҚР Премьер-Министрдің орынбасары білімді қоғам мәдениетін қалыптастыру тұжырымдасын әзірлеуді тапсырды.
Одан бөлек, Қазақстанда халықаралық деңгейдегі педагог мамандар даярланатыны айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #Ғылым #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді психологтар тіркеуге тұрады

Бүгін 10:10

3 шілдеде ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:04

Дархан Сатыбалды ЕҚДБ президентімен Алматының инфрақұрылымын дамыту мен жаңа жобаларды талқылады

Кеше 18:04

«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті

Кеше 16:51

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);