ffin.kz

Қазақстанда газ өндіру бір жылда 9 %-ға артты

Қазақстанда газ өндіру бір жылда 9 %-ға артты Сурет: Inbusiness.kz

Көгілдір отынның бөлшек сауда бағасы бір жылда 5 пайызға қымбаттаған.


2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда 10 млрд текше метр табиғи газ өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,2%-ға артық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.


Соның ішінде газ күйіндегі өнім 4 млрд текше метрді құрады, ілеспе мұнай 6 млрд текше метр болды.


Өндірілген газдың құны 52,2 млрд теңгені құрады (өнеркәсіптік өндіріс индексі – 108,9%).


Өндірістің басым бөлігі, әрине, Атырау облысының үлесіне тиді: 4,6 млрд текше метр, жылдық өсімі – 18,3%-ға артық. Үздік үштікке әдеттегідей Батыс Қазақстан (3,7 млрд текше метр) және Ақтөбе (1 млрд текше метр) облыстары да кіреді.


Анықтама үшін: жалпы 2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елімізде 54,3 млрд текше метр табиғи газ өндірілген, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,5%-ға аз.



Табиғи газды тікелей коммерциялық бағыттағы өндіруге келетін болсақ, 2022 жылғы қаңтарда қазақстандық компаниялар нарықтық сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспортты қоса алғанда) 54,3%-ға қамтамасыз етті, бұл көрсеткіш бір жыл бұрын 46,4% болған. Импорттың үлесі тиісінше 45,7%-ды құрады. Елімізге 902,2 млн текше метр газ әкелінді, бұл көрсеткіш 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 30,8%-ға аз.


Бұл ретте экспорттың үлесі 45,2%-ды құрады. Қазақстан 891,6 млн текше метр табиғи газ экспорттады. Қазақстан қаңтарда газды тек Ресейге ғана тасымалдаған. Еске сала кетсек, Қазақстан мен Ресейдің инфрақұрылым мәселелеріне қатысты газ саласында айырбас операцияларының бірқатар схемалары бар.


2022 жылдың қаңтарында ішкі нарықтағы сату көлемі 38,3%-ға азайып, 1,1 млрд текше метрді құрады.



Қазақстан Республикасының ішкі нарығында ағымдағы жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша газдың тұтыну бағасы бір жылда 5,4%-ға қымбаттаған.


Бағаның өсуі еліміздің 17 өңірінің 14-інде байқалды. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары бағаның қымбаттауын қатты сезінді, өңірде баға бір жылда 14%-ға өскен. Қымбат үштікке Маңғыстау (12%- ға өскен) және Солтүстік Қазақстан (11,7%- ға өскен) облыстары да кірді. Ең аз жылдық өсім елордада тіркелді – 0,7%. Газ бағасы үш аймақта: Шымкент, Қызылорда (әр облыста 2%-ға) және Түркістан (4,4%-ға) облыстарында арзандаған.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04