AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ғарышқа ұшуды армандайтын туристер үші...

Қазақстанда ғарышқа ұшуды армандайтын туристер үшін эксперименттік кешен құрастырылады

Әлеумет 13.05.2022, 06:49 1,158
Қазақстанда ғарышқа ұшуды армандайтын туристер үшін эксперименттік кешен құрастырылады
Сурет: 3dnews.ru

Болашақта жүздеген ғалымдар мен мыңдаған туристі қабылдайтын болады.


Қазақстанда ғарышқа ұшу модельдерін зерттеу және ғылыми сынақтар жүргізетін эксперименттік құрлық кешенін құру жоспарланған. Бұл туралы Ташкентте өткен «Space Technology Сonference Central Eurasia» конференциясында «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК« АҚ басқарма төрағасы Айдын Айымбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Ғарыш саласы – еліміз үшін ғылым мен техниканың тың бағыты, ғарыштық технологиялар, геофизика, медицина және биология, биотехнологиялар және іргелі ғылымдар саласындағы ғылыми сынақтар ғарыш жетістіктерін кез келген қызмет саласына ендіруге мүмкіндік береді», - деді Айдын Айымбетов.



«Қазақстан ғарыш сапары» компаниясының мәліметінше, эксперименттік құрлық кешені ғарыш стансасының бір бөлігі түрінде тұрғызылып, онда зерттеушілер ұзақ мерзімді сынақтар жүргізеді. Модульдің жұмысқа жарамдылығына жергілікті тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері жауап береді. Кешен ғарыштағы жағдайға барынша жақындатылады. Зерттеу қатысушылары сол ортада жұмыс істейтін болады.


Кешеннің негізгі міндеттеріне ғарыш қызметінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін, медициналық профилактика құралдарын, экипаждың жұмысқа қабілеттілігі мен сергектігін, экипаждың дербестігін, оқшаулану салдарын және онымен байланысты физиологиялық стрессорларды зерделеу кіреді.



«Орталық Азиядағы алғашқы ғарыштық зерттеу модулі көптеген энтузиаст жандардың арманын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ғарышқа ұшу бақыты бүкіл әлемде ондаған адамдарға ғана бұйыруы мүмкін. Ал қазақстандық эксперименттік кешен болашақта жүздеген ғалымдар мен мыңдаған туристі қабылдайтын болады», - деді жобаның серіктесі Eurasian Space Ventures жеке ғарыш компаниясының негізін қалаушы Шухрат Ибрагимов.



«Қазақстан ғарыш сапары» компаниясының ақпаратына сүйенсек, эксперименттік құрлық кешенінің сыртқы және ішкі түрі қазіргі уақытта қарқынды пысықталып жатыр және биыл таныстырылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғарыш #кешен #Қазақстан #космос
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);