AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда ең көп таралған обырдың түрлері: сүт б...

Қазақстанда ең көп таралған обырдың түрлері: сүт безі обыры

Медицина 04.02.2024, 12:30 1,181
Қазақстанда ең көп таралған обырдың түрлері: сүт безі обыры
gov.kz

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға  қарсы күрес одағының (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Мақсаты - халықтың онкологиялық аурулардың профилактикасы және ерте анықтау туралы хабардар болуын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы хабардар ету.


Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам обырға шалдығады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық есепте 218 мың қазақстандық тұр, онкологиядан 12 мыңнан астам адам қайтыс болды.


Қазақстанда ең көп таралған обырдың түрлері: сүт безі обыры, колоректалдық  обыр, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры.


Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККК) кіретінін айта кеткен жөн.


Ересектерге онкологиялық көмекті республикалық ұйымдар – "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ, "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" АҚ, 15 онкологиялық орталық, көпбейінді ауруханалардың жанындағы 5 онкологиялық бөлімше (Ақтөбе қ. М. Оспанов атындағы БҚМУ жанындағы онкология бөлімшесі,  Жезқазған қаласындағы ОА жанындағы онкологиялық бөлімше, Ақмола облысының КОА құрамындағы бөлімше, Түркістан облыстық көпбейінді ауруханасының құрамындағы онкология бөлімшесі, Солтүстік Қазақстан облысындағы көпбейінді аурухананың жанындағы онкологиялық бөлімше) жүзеге асырады. Егер пациентте онкологиялық және гематологиялық ауруға күдік туындаса, МСАК-та пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде консультация және тексеру алуға мүмкіндік беретін "жасыл жол" бағыты енгізілді.


Қазіргі уақытта Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі, олар емханаларда қолжетімді:



  1. сүт безі обырына скрининг (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет)

  2. жатыр мойны обырына скрининг (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет)                           

  3. колоректалдық обырға  скрининг (ерлер мен әйелдер 50 жастан 70 жасқа дейін, 2 жылда 1 рет).


2024 жылы Қазақстанда жатыр мойны обырының даму себебі болып табылатын адам папилломавирусына (HPV) қарсы ерікті вакцинациялау басталғанын естеріңізге сала кетейік.  11 жастағы қыздар тегін вакцинация ала алады.


Обырмен күресте әр адам үшін скринингтік тексерулерден уақтылы өту маңызды екенін әрдайым есте ұстаған жөн, ерте диагноз өмірді сақтайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#обыр #денсаулық #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Кеше 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Кеше 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика